Перейти к основному содержимому
Новости
17 ноября 2026 г.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Ыбырай Алтынсарин — шағын әңгіме шебері» атты әдеби портрет өтті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Ыбырай Алтынсарин — шағын әңгіме шебері» атты әдеби портрет өтті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Ыбырай Алтынсарин — шағын әңгіме шебері» атты әдеби портрет өтті.
Шараның басты мақсаты — ұлы ұстаздың өмірі мен ағартушылық қызметін насихаттау, жазушы шығармаларының тәрбиелік мәнін ашу және оқушыларды еңбекқорлық пен адамгершілікке баулу.
Жиын барысында кітапханашы М.Алпысбаева Ы.Алтынсариннің қазақ даласында алғаш мектеп ашып, балаларға арнап оқулық жазған дара тұлға екендігі туралы баян етті. Жазушының прозалық шығармаларының басты ерекшелігі — көлемі шағын, мағынасы терең. Әрбір туындысы жеңіл тілімен, жинақы сюжетімен және ұрпаққа берер ғибратымен ерекшеленеді.
Ісшара барысында оқушылар «Әке мен бала» атты анимациялық бейнебаянды тамашалап, «Ыбырай әлемін білесің бе?» интерактивті викторинасы мен «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы өз білімін сынға салды. «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары» сияқты әңгімелердің түйіні талқыланып, өскелең ұрпаққа терең ой салды.
Мерейтойлық іс-шара соңында балалар Ы.Алтынсариннің сөзіне жазылған «Кел, балалар, оқылық!» әнін бірге шырқады.

https://www.instagram.com/p/DfW3MIXNXhT/