Перейти к основному содержимому
Новости
27 октября 2026 г.

«Кітапхана: 20 жылдық кемел белес»

«Кітапхана: 20 жылдық кемел белес»

«Кітапхана: 20 жылдық кемел белес»

КІТАПХАНА: 20 ЖЫЛДЫҚ КЕМЕЛ БЕЛЕС

Сәтбаев қаласының Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өзінің 20 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. «Кітапхана: 20 жылдық кемел белес» атты әдеби-сазды кеш руханият ордасының өткен жолын таразылап, жетістіктерін дәріптеген тағылымды шараға айналды.Мерекелік кешке Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев, әкім орынбасары Дархан Мұхан бастаған ел ағалары, мәдениет саласының ардагерлері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында кітапхананың 2006 жылдан бергі қалыптасу және даму жолын қамтыған бейнебаян көрсетіліп, арнайы дайындалған мерейтойлық кітапша таныстырылды.Жиында сөз алған құрметті қонақтар кітапхана ұжымын мерейлі мерекемен құттықтап, жас ұрпақтың білім мен тәрбие алуындағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ, кітапхана тарихымен біте қайнасқан бірқатар мамандар мен ардагерлер марапатталып, еңбектеріне лайықты құрмет көрсетілді.Кеш барысында кішкентай оқырман балалар мен кітапхана қызметкерлері әдеби композициялар ұсынып, ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер оқыды. Жас дарындардың өнері мен кітапқа деген сүйіспеншілігін паш еткен көріністер көрермен көңілінен шықты.