Кітапханамызда жалпы білім беретін 7 мектептің 9 Б -сынып оқушыларының қатысуымен маңызды профилактикалық әңгіме өткізілді.
🎯 Мақсаты: Жасөспірімдерге зиянды әдеттердің алдын алуды түсіндіру, денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттау.
🗣 Іс-шара барысында кітапханашы Б. Аимбетова нашақорлықтың қаупі мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдарын айтып берді. Оқушылармен бірге:
Нашақорлықтың туындау себептері;
Жасөспірімдерге достардың ықпалы;
Қиын жағдайда көмек сұрау жолдары талқыланды.
🧠 Сонымен қатар, балаларға арнайы жағдаяттық тапсырмалар берілді. Оқушылар зиянды ұсыныстардан бас тарту, өз ұстанымын қорғау және мәселені қауіпсіз шешу бойынша ойларын ортаға салды.
🌟 Шара соңында әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы маңызды екені тағы бір мәрте ескертілді.
#НашақорлыққаҚарсы #СалауаттыӨмірСалты #БалаларКітапханасы #Профилактика #Жасөспірімдер
17 ноября 2026 г.
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

