Негізгі мазмұнға өту

Басшылық

Шахманова Гулбану Темірболатқызы.

«Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры

1970 жылы 25 сәуірде Батыс Қазақстан (Орал облысы) Жымпиты ауданы (қәзіргі атауы Сырым) Абай совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Мәдени тынығу жұмысы» факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1990 жылы Ұлытау ауданының Мәдениет үйінен әдіскер болып бастады. 2005-2025жж «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маман қызметін атқарды. 2025 жылдың 31 қарашасынан «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры болып тағайындалды.

Кәсіби ісі мен адал қызметі үшін алған марапаттары:

✔ Қаланың қоғамдық—саяси өміріне белсене қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестерім үшін:

✔ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні  Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасы. Қала әкімі Қ.С.Балмағамбетов (2008жыл);

✔ Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасы. Қала әкімі Б.Ахметов (2012 жыл);

✔ Сәтбаев қаласы әкімінің мәдениет қызметкерлеріне арналған сыйақысының «Мамандағына адалдығы үшін» номинациясының иегері (2013);

✔ Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қарағанды облысы мәдениет басқарма басшысының Алғыс хаты. Е.Ағымбаев (2015жыл);

✔ Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, қоғамдық ісшараларға белсене қатысқаны үшін Сәтбаев қаласы әкім аппараты кәсіподағының Алғыс хаты (2016 жыл);

✔ «Жезкиік» I Халықаралық музыка фестивалінің өткізілуіне белсене қатысқаны үшін Қарағанды облысының әкімі Е.Қошановтың Алғыс хаты (2018жыл);

✔ Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасы. Қала әкімі Б.Шыңғысов.(2019 жыл);

✔ Сәтбаев қаласының 50 жылдығына арналған ісшараларға белсене қатысқаны үшін Алғыс хат. Қала әкімі Ш.Әубәкір (2023 жыл);

✔ «Тіл керуені» атты республикалық семинарға белсене қатысқаны үшін Алғыс хат. Басқарма басшысы Ә.С.Омар (2023 жыл);

✔ ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Ұлытау облысының Құрмет грамотасы. Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғали (2023ж).

✔ «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» Құрмет грамотасы, төсбелгісі, директор Б.Айткаримов (2023 жыл);

✔ ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі. Министр А.Балаева. (2024 жыл).