Сәтбаев қаласының Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Сейтмағамбетов Медет Зарубайұлы «Кітап оқитын ұлт» ауқымды жобасына белсене атсалысып, қоғам арасында, әсіресе өскелең ұрпақ тәрбиесінде ерекше қырынан танылып жүр. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Медет Сейтмағамбетов мектептерде, жастар орталықтарында кездесулер ұйымдастырып, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулып келеді.
«Кітап оқитын ұлтқа» айналу жолында иығына погон таққан Медеттей азаматтардың бары — Сәтбаев қаласы үшін мақтаныш. Жақсылықтың жаршысы, білімнің шырақшысы болып жүрген полиция майорына қызметте де, шығармашылық жолда да сәттілік тілейміз!
2026 ж. 17 қараша
«Кітап оқитын ұлт»

