Кітапханамызда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақтың біртуар батыры, әскери қолбасшы әрі қаламгер Бауыржан Момышұлының атақты «Ұшқан ұя» ғұмырнамалық романы талқыланды.
Рухани басқосу барысында кітапханашы Мейрамгүл Алпысбаева қатысушыларды шығарманың желісімен және негізгі идеясымен кеңінен таныстырды. Сондай-ақ, арнайы дайындалған бейнеслайд арқылы романның терең мазмұны ашылып, автордың балалық шағы, ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар жан-жақты сөз болды.
Бұл туынды отансүйгіштік, әділдік, үлкенді сыйлау және адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіретін баға жетпес қазына. Іс-шараға қатысушылар кітап туралы ойын ортаға салып, шығармадан терең әсер алғанын жеткізді.
2026 ж. 17 қараша
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» ғұмырнамалық романы талқыланды.

