Кітап – сарқылмас қазына, ілім мен білімнің қайнар көзі. Жеткіншек ұрпақтың рухани өрісін кеңейтіп, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында, "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында кітапханамызда ерекше әрі тағылымды кездесу өтті. Қаламыздағы индустриялық колледж студенттері кітапханамыздың қонағы болып, ғажайып «Кітап әлеміне саяхат» жасады.
Ісшара барысында жастар кітапхананың бай қорымен, сирек кездесетін басылымдармен және заманауи электронды ресурстармен танысты. Олар тек кітап оқып қана қоймай, ұлттық құндылықтар, техника мен ғылым саласындағы соны туындылар туралы ой бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кітапханашылар болашақ мамандарға ақпараттық іздеу жүйелерін тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, кітап оқудың тұлғалық дамудағы маңызы зор екенін атап өтті. Жастар иін тірескен кітаптар әлемінен рухани азық жинап, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға уәде берді.
#КітапӘлемінеСаяхат
#Кітап оқитын ұлт #КітапХалықҚазынасы #Кітапхана Тынысы #СтуденттерРуханияты
КітапОқыпҮйренейік БілімдіЖастар Кітапхана ОқуғаҚұштарЖастар
2026 ж. 17 қараша
"Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында «Кітап әлеміне саяхат»

