Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жат ағымдардың қауіп-қатерін түсіндіру. Осы мақсатта Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының конференц-залында «Терроризм: себеп пен салдар» атты мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кітапханашы М.Алпысбаева жоғары деңгейде жүргізді.Кездесу барысында қатысушыларға діни экстремизмнің түпкі себептері мен қоғамға тигізер ауыр салдары кеңінен түсіндіріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органының өкілі әлеуметтік желілерде күмәнді діни материалдарды тарату, «лайк» басу немесе бөлісу үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.Шараның негізгі спикері – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, исламтанушы Қайрат Құрманбаев және Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы директорының орынбасары Мадина Әйтенқызы Жұмабекова дәстүрлі ислам мен деструктивті діни ағымдардың айырмашылықтарын тарқатып айтып, ұлттық салт-дәстүр мен діннің сабақтастығына тоқталды. Діни ақпаратты тек ресми дереккөздерден алудың маңыздылығын атап өтті.
2026 ж. 23 қараша
«Терроризм: себеп пен салдар»

