Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйек айында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өcім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Осы Жолдауды кітапхана оқырмандарына таныстыру әрі насихаттау мақсатында «Жолдау-дамудың жолы» атты көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарына Жолдаудың маңызын түсіндіру, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған Президент тапсырмаларынан хабардар ету.
Кітапхана библиографы Ә.Шегебаева кітапхана көрмесіне мерзімді басылым беттеріне шыққан Жолдаудың мәтіндерін қойды. Бұл ретте республикалық «Егемен Қазақстан» және ресми тілдегі «Казахстанская правда» газеттері көрмеге қойылды. Жолдаудың мәтінімен танысу, Президенттің берген тапсырмаларымен танысу бұл көрменің маңызы зор. Көрме жыл бойы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, 2025 жылдың 3 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту» атты мақаласы да көрмеге қойылды.