Мақсаты: Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың беделін арттыру, кәсіби өсуді ынталандыру және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау.

Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Міндет – еңбек беделін арттыру және еңбек – қоғамда лайықты жалақы мен құрметке ие екенін әрбір адам білуі қажет деп атап өтті.

Жұмысшы мамандықтары дегенде жұмыстың ауыр-жеңілін талғамайтын құрыш білектілер еске түседі.          

Осы орайда, кітапханада тиісті жоспар әзірленді, оған жұмыс берушілер, білім беру мекемелері мен жастар арасындағы белсенді өзара іс-қимылға ықпал ететін 20-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ кітапханамызда «Жұмысшы мерейлі мамандық» тақырыбында  жыл бойы насихатталатын көрме, техникалық және кәсіптік білім беру колледж студенттері мен кітапхана оқырмандарына жұмысшы мамандықтарға арналған тақырыптық  кітап көрме ұйымдастырылды. 

    Көрмеге Әбдіраман Ш. «Кен ісі техналогиясының негіздері» Сәрсенбаева Д. «Токарлық іс» оқу құралында жону ісін оқутуда негізгі тақырыптар берілген. Самсаев И. «Тамақ кәсіпорының маманы» оқу құралы, Бесембаева Г. «Аспаздық» оқулық, Яринен Л. «Горное дело», Шакирова Т.«Газ және электрмен пісіру», Сатыбалдинова Б.«Тігін өндірісінің технологиясы», Хамидолла Б. «Тігін мамандығы», тағы да көптеген кітаптар қойылды. оның ішінде әртүрлі еңбек түрлері бойынша әдебиеттер, көрнекті жұмысшы кәсіп өкілдерінің өмірбаяндары, карьералық өсу, даму туралы кітаптар, кәсіби дағдылар мен жеке табыс тарихын көрмеге қойылған кітаптар арқылы танысуға болады.  Нәтижесінде көптеген  жас оқырмандар өзіне керекті мәлімет алып, кітапты үйге жаздырып алады.