Әр  тарихтың  өз  бастауы  болады  демекші, біздің  кітапхананың  тарихы    2006 жылдан  бастау  алады.2006 жылы  еліміздің   мәдени – рухани  өмірінде  бұрын – соңды  болып  көрмеген  мән – маңызы  айрықша  «Мәдени  мұра» бағдарламасы  аясында кенді қалада тағы  бір  мәдени  ошақ  16.02.2006 ж. №4 – 81/2   қаулысын негізге ала  отырып «Балалар мен  жасөспірімдер  кітапханасы»  ашылды.

13.03.2006 ж.  – №19  өкімге сәйкес кітапхана директоры болып  жоғары  білімді, тәжірибелі маман  Кожахметова  Гүлнара  Саруаровна  тағайындалды.Мемлекеттік мекеме қаламыздың 5 – мөлтек  ауданында, Құсайынов көшесіндегі   31 – үйдің  2 – 3 пәтерлерінде  орналасқан. 

Кітапхананың   жалпы  ауданы – 130,7 ш.м.

2006 ж. сәуір айында кітапхана Қазақстан  Республикасының  Әділет министрлігінің  тіркеуінен  өтіп,  барлық  заңды  құжаттарын  алды.Кітапхана  24.03.2006 ж. № 41 – 1930 – 30 құжатын  негізге  ала отырып  жұмыс  жасап  жатыр.

Салтанатты  ашылу  рәсімі  2006 жылдың  маусым  айының  14 – жұлдызында  болып  өтті. 

2007 жылдан  бастап мекеменің материалдық – техникалық базасын  нығайту  үшін   жергілікті  бюджеттен қаржы  бөлініп, кітапханаға  қажетті  жиһаздар,  техникалар  алына  бастады.  Кітап  қорын  толықтыру  үшін  де  ақша  беріліп,  сол  жылдан  бастап  кітап  қорын  аз да  болса біртіндеп  толықтырып  жатырмыз.

2009  жылы  мемлекеттік  «Жол  картасы»  аясында  кітапханаға  ағымдағы жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. Кітапханаға  қосымша  №1 пәтер  беріліп, ауданы  кеңейді, қазіргі  ауданы – 130,7 ш.м 

2018 жылы  қараша  айында  кітапхана  директоры  болып  Карабекова Сәуле Түсіпәліқызы  тағайындалды.

2025 жылдың 31 қарашасынан бастап Шахманова Гулбану Темірболатқызы «Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ директоры болып тағайындалды.

 


2006 жылы  «Мәдени  мұра» бағдарламасы  аясында кенді қалада тағы  бір  мәдени  ошақ – «Балалар  мен  жасөспірімдер  кітапханасы»  ашылды. Мемлекеттік мекеме қаламыздың 5 – мөлтек  ауданында, Құсайынов көшесіндегі   31 – үйдің  1-2 – 3 пәтерлерінде  орналасқан.
Телефон: 8 (71063) 7-49-62, 7-46-44, Факс +8(71063)74962,  7-46-44,
Электрондық пошта: biblioteka_ 15.86 @ mail.ru. 
Кітапхананың  жалпы  ауданы –130,7 кв.м.
Өкім – №19  13.03.2006 ж.  сәйкес кітапхана директоры болып  жоғары  білімді, тәжірибелі маман  Кожахметова  Гүлнара  Саруаровна  тағайындалды.  

 

1

 

 

 2006ж. сәуір айында кітапхана Қазақстан Республикасының Әділетминистрлігінің  тіркеуінен  өтіп,  барлық  заңды  құжаттарын  алды.
Қаулы  -  №4 – 81/2   16.02.2006 ж.

2

 

Кітапхана 24.03.2006 ж. № 41 – 1930 – 30 құжатын  негізге  ала отырып  жұмыс  жасап  жатыр.  Салтанатты  ашылу  рәсімі  2006 жылдың  маусым  айының  14 – жұлдызында болып  өтті.

Кітапханада  мына бағыттарда  жұмыс жүргізіледі;

  • отансүйгіштік      бағыт;
  • өлкетану бағыты;
  • адамгершілік, имандылық бағытында;
  • құқықтық  бағыт;
  • эстетикалық бағыт;
  • экологиалық бағыт;
  • салауматты  өмір салтын ұстану;
  • тарихи бағыт; 

                           
Кітапхана міндеттері :

  • оқырмандарды  талпындыру  мақсатында  саяхаттар  жасалды,
  • кітап   арқылы  оқырмандардың  жан – жақты ақпарат алуына  мүмкіншілік  жасалды;
  • оқырман  оқуына  жетекшілік  жасай  отырып,  іс – шаралар  жүгізілді;
  • жас  ұрпақты  отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс – шаралар ұйымдастырылды;
  • оқырмандардың сұраныстарына сәйкес ақпарат қазметі көрсетілді;
  • оқырмандардың сұраныстарына сәйкес кітап қорын толтырып жатырмыз;
  • ата – аналардың отбасында баланың оқуына жетекшілік етуіне ақыл – кеңестер берілді;

2007 жылдан  бастап мекеменің материалдық – техникалық базасын  нығайту  үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, кітапханаға  қажетті  жиһаздар,  техникалар  алына  бастады.  Кітап  қорын  толықтыру  үшін  де  ақша  беріліп,  сол  жылдан  бастап  кітап  қорын  аз да  болса біртіндеп  толықтырылды.

2008 жылдың қазан айынан бастап кітапханада РАБИС бағдарламасы іске қосылды. Бағасы -350.000 т. Локальді жүйеге 4 компьютер қосылып, ал  РАБИС бағдарламасы енгізілген 2 компютер әдебиеттерді өңдеуді анағұрлым жеделдетеді. Кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптар сонымен тіркеуге алынып, толық библиографиялық сипаттама жасалып, электронды каталогтарға құйылды.

2009  жылы  мемлекеттік  «Жол  картасы»  аясында  кітапханаға  ағымдағы жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. Кітапханаға  қосымша  1 – қабаттағы бұрын әлеуметтік  бағдарламалар  бөліміне  қарасты №1 пәтер  беріліп, ауданы  кеңейді. Барлық  терезелер, есіктер  ауыстырылды, қабырғалары  тегістеліп, заман  талабына  сай  жөндеуден  өткізілді. Кітапхананың  есігі  ғимараттың  артқы  жағынан  жекеленіп  ашылды.  Жаңаша  келбет  алған  кітапхананың  қайта  ашылу  рәсімі  қаламыздың  туған  күні  қарсаңында  болып өтті. Оған  қала әкімі, мәдениет бөлімінің  басшысы, кітапхана  ардагерлері  арнайы  келіп, құттықтауларын  жеткізіп  жатты.

  
Оқырмандар ыңғайы үшін 2011 жылылдан бастап, ақпарат көзі болып табылатын интернет желісі қызметке қосылды.  Жыл сайын интернет желісін оқырмандар пайдалану өсіп келеді.
Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Білім алудын басты құралы –кітап.
Кітап –біздің ақылшымыз, сырласымыз досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих  беттері қалындағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл –ықыласы ортаймаса керек.     

                    

БІЛІМ СҮЙСЕҢ,

КЕЛ, КҮН САЙЫН ОСЫНДА.

      КІТАП СЕНІҢ  АЙНАЛАДЫ ДОСЫҢА.

ТАЛАПТАНСАҢ, ҮЙРЕНУГЕ ҚҰМАРТЫП,

КЕЛГІН,  ЖАС ДОС,

ІЗДЕНЕЙІК  ҚОСЫЛА!