Халықтар мәдениеті [Мәтін] – Алматы: Аруна, – 2022. – 88 бет.

Бұл кітапта кескіндеме және мүсін өнері, музыка, драма және би өнерінің дамуы мен тарихы, адам мен табиғат жаратқан кереметтер туралы кеңінен сөз болады. Энциклопедиялар көркем суреттермен безендіріліп, қызықты деректер балаларға түсінікті және жеңіл тілде жазылған. Әр энциклопедия балалардың әр нәрсені білуге деген әуесқойлығын қанағаттандырып қана қоймай, табиғат құбылыстарының құпияларын жете түсіндіріп береді. Әлемдегі құбылыстар, жер бетіндегі тіршілік иелері – жануарлар, жәндіктер, ерте заманда тіршілік еткен динозаврлар жайындағы, сондай-ақ жер-жаһанның жаратылыс тарихы, адамзат тарихы мен адамзат жеткен жетістіктер туралы мәліметтер балаларды қызықтыратыны анық.

Алдар көсе [Мәтін] / Құраст. Г. Ақжолова. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021 – 144б.

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың тәубесін есіне түсіріп, ақылмен алдап, ел алдында масқаралап, халық қошеметіне Жинақта Алдар туралы әңгімелер беріліп, суреттермен безендірілген. Оқуға тілі жеңіл, оқиғасы қызықты.

Оразбекұлы Қеңес Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың Шым – Шытырық[Мәтін] Хикаялары. Әзіл-күлкілі сериялы ертегі. / – Алматы: «Орхон» Баспа үйі. – 2022. – 104 бет.

Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің сүретін салуға құмар... Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табысталғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты. Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

Алтынсарин Ы.Таза бұлақ [Мәтін] Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2022.-160 б.

Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға. Жастардың сауатты, көзі ашық болғанын мұрат тұтып, осы бағытта еңбектеніп, қыруар іс атқарған ұлтымыздың біртуар перзенті. Қолыңыздағы жинаққа Ыбырай Алтынсариннің тағылымды әңгімелері мен мысалдары, өлеңдері мен ғибратты ертегілері топтастырылған. Оның шығармалары жас ұрпақты талапты, еңбекқор, төзімді, білімді, батыл болуға үндейді, адамгершілік пен арнамысты биік қоюға шақырады.

Сейдахмет, Ернұр. Жалқау құмырысқа [Мәтін] өлеңдер /Е. Сейдахмет. – Алматы: Алматы-Болашақ, 2022. – 160 б.: сур.

Ернұр Сейдахмет республикалық «Астана-Байтерек», «Балауса», халықаралық «Дарабоз» конкурстардың жеңімпазы аталған жас балалар ақыны. Жарық көрген «Жалқау құмырысқа» атты өлеңдер жинағы өзінің шебер жазулуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық, ойы үшкір, тәлім-тәрбиесі мол жинақты әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.

Имайо Әсел. Сиқырлы скрипканың ертегілері. [Мәтін] Сказки волшебной скрипки. Fairy tales of the magic violin / Ә. Имайо. – Алматы: «Аруна», 2023. - 68 б.

«Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын бұл көркем суреттермен безендірілген ғажайып кітапта танымал музыкалық шығармалар бойынша «Арт Мирай» қазақтың музыкалық мұрасын сақтау қорының құрылтайшысы Әсел Имайонын қиялынан туындаған ертегілер берілген. Бұл жай ғана ертегілер жинақталған кітап емес. Бұл, расында да, сиқыршы кітап. Себебі осы кітапты қолына алған кішкентай оқырманымыз QR-код (мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код) көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін QR кодын сканерлеп, сілтеме бойынша өту керек.

Мұратәлиев, Нұржан. Ғажайып жерге саяхат[Мәтін] хикаяттар / Н. Мұратәлиев. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 184 б. – (Шытырман оқиғалар).

Талғампаз кітапсүйер қауымның назарына ұсынылып отырған бұл кітап — өзінің әдеби көркем тілімен, тартымды да қызғылықты оқиғаларымен, оқырман зердесіне түйетін терең ойлылығымен құнды. Автор қалам сілтеген өз тақырыбын өте жақсы меңгерген, алтын жіптей әдемі өрілген шытырман оқиғалардың жеңімпаз кейіпкерлері — бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай сүйкімді де сом тұлғалар. Жинаққа «Ғажайып жерге саяхат» және «Ақмойнақ» хикаяты еніп отыр.

Мусаев Уразбай Сусыма. [Мәтін] Балаларға арналған ертегілер. Алматы: «Балалар әдебиеті», 2022. - 160 б.

Үлкен де, кіші де көп нәрсені өмірден үйренеді өйткені күнделікті тіршілікте ағаттықтар мен кемістіктер жеткілікті ақ. Соларды талдап, жақсы мен жаманын ажырата білу әрбір пенденің басты борышы олай болмаған жағдайда қателіктен қателікке ұрыну қиын емес. Бұл көксеген мақсатқа жетуге кедергі жасайды. Міне сондықтан саналы жандар жиі жиіөзіне өзі іштей есеп беріп, кемшіліктерден қорытынды жасағаны, алдағы уақытта ондайды қайталаудан аулақ болуға талпынғаны жөн. Солай еткенде ғана кісілік қасиет біртіндеп қалыптаса бастайды. Өнегелі, өнерлі, өрелі болып өскен ананың қуанышына, мақтанышына бала ата айналады. Автор ертегілері де, осыны меңзейді

Рысбеков Б. Ізгілік туралы ертегі [Мәтін] – Алматы : Sardar G, 2024. - 112 б.

Бұл кітапқа енген әңгімелер мен ертегілер белгілі балалар жазушысы бердалі Рысбековтың соңғы жылдардағы жазған шығармалары. Шығармалар желісі ширақ, балаларды еліктіре алатындай көркем, әрі жеңіл тілде жазылған. Жаңа туындылардың дені бала психологиямын тап басып, олардың туған табиғатты танып білуге деген құштарлығын оятуға көп көмегін тигізеді деп ойлаймыз.

Бейсембек Тілеуғазы Ақылды піл [Мәтін] – Алматы : Sardar G, 2024. - 96 б.

Бұл проза жанрында жазған шығармалары. Туындыда автор аңдардың - піл мен қасқырлардың мінездері мен ойлау қабілеттері туралы баяндайды. Шығарманың тілі жатық, балалардың түсінігіне сай, жеңіл оқылады.

Әлжантегі Төкен Базарлық: [Мәтін] – Алматы : Sardar G, 2024. -80 б.

Өз шығармаларында автор жас өскендер бойына адамгершілік пен айналасына деген мейірім шапағатын сіңіруге ден қояды.

Ермек Сахариев «Балдәуренді бала шақ», бұл жыр жинағына Отан, туған жер, қоғам, ұлттық мүдде, халықтық салт-дәстүр, ата-ана және достық тақырыбындағы бас-аяғы жүп-жұмыр, ойлы да сырлы, назды да мұңды жырлары топтастырылған.

📚Бейбіт Қойшыбаев «Ғажайып шақ», бұл кітабына мектеп оқушыларының тыныс-тіршілігін арқау еткен шағын хикаяттар мен әңгімелер еніп отыр. Жинақтағы туындылар жас ұландардың оқудағы, қоғамдық-пайдалы жұмыстардағы ізденістері, достық қарым-қатынастары жайынан сыр шертеді. Сондай-ақ олардың ғылыми-техникалық фантастика көкжиегінде самғаған қиялдарымен таныстырады.

Маркиза Базарбайқызы «Батыр - елдің жүрегі».

Автор ерлік дастандардың ішінде елге есімі мен ерлігі кең қанат жая қоймаған батырларды әдейі таңдағандай әсер қалдырады. Батырлардың ерлікке толы өмірі тәуелсіздік жолындағы күресті бейнелейді.

Алтын қаланың құпиясы / Ертай Айғалиұлы. – Алматы: «Sardar G», 2024.- 392 бет.

Жазушылар одағының мүшесі Ертай Айғалиұлының «Алтын қаланың құпиясы» атты кітабына 5 хикаяты және әңгімелері еніп отыр. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналғанмен, ондағы шығармалардың өзектілігі, шытырман да қилы-қилы оқиғаларға бай болуы ересектерді де өзіне еріксіз тартатыны сөзсіз. «Халық жауының балалары» кішкентай романында Желтоқсан көтерілісі қаһарманының отбасының тағдыры туралы сыр шертсе, «Шекара тасын жарып шыққан гүл» эссе-хикаяты Тәуелсіздік үшін күресте жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың ерліктері туралы баяндайды. «Алтын қаланың құпиясы» хикаятындағы оқиға Цин империясының түркі қаласын басып алуы жөніндегі аңыздық оқиға кешегі Кеңес империясының қазақ халқына зұлымдығымен сабақтасады. Тайтерідегі картамен ауғандықтардың алтын қазынаны іздеп келуі, балаларымыздың оны қорғауы...бәрі-бәрі оқырманды ынтықтыра отырып бей-жай қалдырмайды. «Алтын қаланың құпиясы», «Шиебөрілері жылаған Сахарадағы жекпе-жек», «Қара бала, қасқыр-адамдар және мұз сарай», «Ақбарыс, американ және Аспантау үңгіріндегі қазына», «Бокс қолғабыңды жоғалтпа, баурым!» хикаяттары және әңгімелеріндегі қызықты оқиғалар, онда көтерілген көкейтесті мәселелер балаларды Отаншылдыққа, жерін, елін, тарихын сүюге тәрбиелейді. Кітап қалың оқырман көзайымына айналады деп сенеміз.

Әжемнің ертегілері (Мама Қаздың айтқандарынан). - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2024. – 232 бет.: суретті.

Француздың әйгілі ертегішісі, классик жазушысы Шарль Перроның ертегілерін аудармашы Мариям Арынова француз тілінен тікелей қазақ тіліне аударып шықты. Француз тілін еркін меңгерген кәсіби адармашы өз ана тілі – қазақ тілін де терең біледі. Сондықтан да Шарль Перроның қазақ тіліне аударылған ертегілері қазақ балаларының көңілінен шығады деген үміттеміз. Ш.Перро әлемге «Мама Қаздың ертегілері» атты шығармасымен танымал. Бұл ертегі ең алғаш 1697 жылы жарық көрген. Жинақ 9 ертегіден тұрады. Олар: «Есек терісін жамылған қыз», «Ұйқыдағы ару», «Қызыл желекті қыз», «Көксақал», «Етік киген мысық», «Сиқырлы әйелдің сыйы», «Күлжайна», «Айдарлы Рике», «Шынашақ».

Күміс қоңырау / Құрмет Сақай. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024. – 168 бет.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, талантты композитор Ұүрмет Сақайдың есемі бұл күндері республикамызға кеңінен таныс. Ол екі жүзден астам әндер мен хорлардың, бес кантатаның, отыздан астам би музыкасының, бір музыкалық комедияның авторы. Назарларыңызға ұсынылып отырған «Күміс қоңырау» атты балаларға арналған әндер жинағы Құрмет Сақайдың екінші кітабы. Кітапқа елу бір ән іріктеліп алынған, композиторы Құрметтің өзі болғанымен өлең текстерінің иелері сан алуан. Жобасы, балалар әдебиетін игеру қанша күрделі де құрметті болса, сол балалардың айтуына орайлы, мән-мағынасы ұғынықты, түсінуге жеңіл, ән жазу одан да ауыр әрі абыройлы іс екендігі даусыз. Құрметтің балдырғандар жүрек сезімін дөп басқан күміс қоңыраудың сыңғырындай сұлу саздары жалпы қазақ музыка өнеріне қосылған құндылығымен қуантады.

Барфилд М. Жабайы жануарлар әлемі комикс / Майк Барфилд; (ағыл. тіл. ауд. Е.Бауыржанұлы). – Астана: Фолиант, 2024. – 96 бет.

Балақай, жабайы жануарлардың құпияға толы тылсым тіршілігімен танысуға дайын бол! Қолыңдағы комикс-кітаптың беттерінен ғаламшарымыздағы түрлі тіршілік орталарын мекендейтін аю, балық, бақа, маймыл, сурикат, кесіртке, жарғанат сияқты алуан түрлі аңқұс пен жәндіктерді кездестіресің. Титтей өрмекшіден әлемдегі ең алып тіршілік иесі – көк китке дейін жорғалайтың, өрмелейтін, ұшатын және жүзетін жануарлар жасырын сырларын қызылды-жасылды суреттер арқылы паш етеді.

Жекейұыы Зейнел Намыс оты -Алматы: «Sardar G», 2024.-200 бет.

Қазақ халқының – сүйегі асыл! Рухы мықты қазақтың небір біртуар перзенттерінің адам таңғаларық ерліктері аңыз болып ел аузында жүр. Қолдарыңыздағы «Намыс оты» атты жинақ арқылы бұла күштері Жанартау болып атылған талай жанның талайлы тағдырларымен таныса аласыздар. Жұмыр жердің ең беделді жарыстарында ұлт намысын жанын сала қорғап, даңқ тұғырына көтерілген әр спортшының қиын да қызықты жолы – жас ұрпаққа үлкен өнеге. Жинақтағы екі қолы иығынан жоқ, қайсар мінезді, асқақ рухты, мұзжарғыштай жүйткіген керемет жүзгіштің тағдыры кім-кімді де таңдай қақтырары даусыз. Екі көзі көрмейтін шахматшының әлем чемпионын да тұқырта жеңген өр мінезі, тектілігі кімге де болса керемет үлгі. Екі аяғынан айырылса да мүгедектер арбасымен 42 шақырымдық марафонда топ жарып жүрген жас жігіттің қайтпас қайсарлығы, асқақ рухы жаныңды тебірентеді. Жасы жетпістің бел ортасына келсе де жұмыр жердің айтулы марафондарында желдей есіп жүлде алып жүрген қарияның қайратына қайран қаласыз. Жетпістен асса да бойдағы қуат тұла бойын кернеп, кір тастарын аспанға атып әлемдік жарыстарда топ жарқан екінші бір қария тағдыры – зінше бір тағылымды хикая. Жинақтағы жандарын шүберекке түйіп, тағдырымен тайталаса, арпалыса қияға ұмтылған осындай жандардың өмірі – бүгінгі жастарға керемет үлгі. Жас ұрпақты ерекше төзімге шақыратын, намыстарын шар қайраққа қайрайтын, ұлтты сүюге тәрбиелейтін туындылар. Жинақтағы әр кейіпкер тағдыры оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Тағылымы мол еңбек. Кітап бүгінгі жас ұрпаққа арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің алғашқы кітапшам» және «Моя первая книжка» топтамасы   екі тілде шығарылған,  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.

 

Кішкентай бүлдіршіндерге түрлі-түст кітапша

Қоршаған ортаны тану [Мәтін]  -Алматы:Аруна, 2019

    Кішкентай бүлдіршіндерге арналған кітап.Кітапта баланың дүниетанымын кеңейтетін сөздер тақырыптарға бөлініп, суреттермен безендірілген. Сөздердің латын әріптерімен жазылуы және орыс, ағылшын тілдердегі аудармасы қоса берілген.

 

 

 

 

Ата-баба мұрасы [Мәтін]. -Алматы:Аруна, 2020. -48 б.    Топтама әріп және дыбыстармен таныстырып қана қоймай, буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырады. Ойлау қабілетін арттырады. Әрбір кітап қызғылықты және танымдық тақпақтардан, жаңылтпаш пен жұмбақтардаң, өтірік өлеңдерден, әңгіме мен ертегілерден тұрады. Көркем безендірілген кітаптар өз оқырмандарына қуаныш әкеледі деген сенімдеміз.
 

 

 

Бір-бірімізге көмектесейік[Мәтін] . -Астана: Фолиант, 2019.-32 б.

Кез келген адамға көмек қажет болуы мүмкін. Дегенмен кейбіреулер көмек сұрауға ұялады немесе әлсіз болып көрінем бе деп қорқады. Бұл дұрыс емес. Мысалы, бөтен қалада адасып кеттің делік, дұрыс жолды табамын дегенше талай уақытыңды жоғалтасың. Одан да біреуден көмек сұрағаның жөн емес пе? «Мектепке дайындық» топтамасындағы бұл кітап кездескен қиындықты жеңіп, мақсатқа жету үшін де көмек қажет екендігі жайлы айтады.

 

 

 

Мен мектепке барамын [Мәтін].-Астана: Фолиант, 2019.-32 б.

          Мектепке дайындық — баланың өміріндегі маңызды кезең. Енді ол жазу-сызу, оқу дағдыларын игеріп қана қоймай, жаңа ортада өзі сияқты басқа балалармен қарым-қатынас орнатады.

«Мектепке дайындық» топтамасындағы кітаптар бастауыш сыныпқа баратын балаға бағыт-бағдар көрсетеді. Мұнда автор оқушыға қойылатын негізгі талаптар туралы айтады.

Кітапты балаңызбен бірге оқып, мектеп дағдыларын жақсы игеріп кетуіне көмектесіңіз!

 

Қолыңнан бәрі келеді [Мәтін]. -Астана: Фолиант, 2019.-32 б

Бастауыш сынып оқушысы көп кедергіге тап болатыны рас. Тіпті оған шамасы келмейтіндей

көрінуі де мүмкін. «Мектепке дайындық» топтамасындағы кезекті кітап балаға қолдау көрсетіп,

қиындыққа мойымауды үйретеді. Сондай-ақ табандылық пен төзімділік қасиетін бойға сіңіреді.

Кітапты балаңызбен бірге оқыңыз. Қолдауыңызды сезініп, барлық кедергілерді жеңе алатынын 

сезінсін.

 

 

Өнегелі ертегілер[Мәтін].-Алматы:Аруна, 2020.-72б.

Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады.

 

 

 

 

 

Чендеш И. Ескі шатырдағы сиқыр[Мәтін]. - Астана: Фолиант, 2018.-32 б

Ғажайыпқа толы Жаңа жыл да жақындап қалды. Ендеше, Фелициямен бірге ескі шатырға шығатын уақыт та келді. Шатырдағы шынжырлы сағат, понидың сыңғырлаған қоңырауы мен омнибус билеті қызықты хикаяларымен бөлісуге дайын. Бұл жолы көне заттар не айтар екен? Тыңдап көрелік.Қолыңыздағы кітап — ескі шатырдағы ертегілердің жалғасы. Тамаша суреттері қоса берілген ертегілер кез келген жастағы оқырманға қызық болары сөзсіз

 

 

 

 

Алпамыс батыр[Мәтін]. Эпостың баяны. - Астана: Фолиант, 2019.-176 б.

   Халық ауыз әдебиетін телегей-теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі - эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Автор осы жауһар туындыны оның көркемдігі мен сурет-бояуына қылаудай да залал тигізбей, әсер-сезімін еш төмендетпей, бірақ ойлау, пайымдау, саралау, қабылдау қабілеті әлі толық қалыптасып үлгермеген жас жеткіншектердің таным-түсінігіне лайықтап, қара сөзбен эсерлі баяндап шыққан. Шыгарманың тілі де тартымды, ұғынықты, қарапайым.

«Алпамыс батыр» жырының қара сөзбен баяндалып, көркем безендіріл-ген бұл нұсқасы жас ұрпақтың ойын ұштап, қиялын қанаттандыратын кезекті рухани олжасы боларына күмән жоқ.

     

 

 

Ақберен Елгезек. Болмаған балалық шақ[Мәтін]. –Алматы: Абай, 2020. -140 б.

Қолыңыздағы басылым - ақын Ақберен Елгезектің проза жанрында шығып отырған тұңғыш кітабы. 

"Болмаған балалық шақ" повесі - 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма. 

Интернет желісінде жүргізілген сауалнама бойынша XXI ғасырдағы үздік 20 прозалық туынды тізіміне енген. Шығарма кітап болып басылып шықпай-ақ жекелеген мектеп бағдарламаларына еніп, бүгінгі күнге дейін оқытылып келеді.

Көпшілік оқырманға жете таныс шығарманың бұл толықтырылған, әрі ең алғашқы басылым нұсқасы.

Кітап балаларға ғана емес,қалыптасқан оқырман қауымға да арналған.

 

 

 

 

«Балаларға –балмұздақ» топтамасымен

Төлепберген Н. Жыл мезгілдері. –Алматы: Аруна, 2019-48 бет.

 

 

 

 

 

 

 

Естенов А. Көне кенттер күмбірі.Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.-160 бет.

Балалардың жанына жақын, көлемі шағын, ұйқастары шымыр туындылар оқушылардың көкейіне қонымды, тез жаттап алуға оңай. Балдырғанның ой-қиялын ұштап, оларды имандылық пен ізгілікке жетелей- тін бұл туындылардың жас ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі айрықша.

 

 

 

 

 

Қалиұлы С. Менің елім. - Алматы: "Массагет 21". 2019. - 200 бет.

Қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» атты бұл кітабына оның өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, «Алдар мен шайтан», «Сауық» поэмалары мен т.б. шығармалары еніп отыр.

Қаламгер ұтымды да ұтқыр, ойнақы да ойлы өлең ұйқасының иірімдерімен бала жанын баурай түсіп, оларды отансүйгіштік, еңбекқорлық, батылдық пен батырлық, адалдық, адамдық жолына бастайды.

 

 

Марат Қабанбай. Арыстан, мен, виолончель және қасапхана. –Алматы: Таймас, 2019. -240 бет.

Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнек, ой иірімдерін иінткен Марат Қабанбайдың бұл кітабы «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты повестерінің басын құрайды.

Жазушы әрбір шығармасының шырай-шұрымын өмірдің өз өзегінен ала отырып, қарапайым да қалжың ойлы тіл әспетімен оқырман жүрегіне кеңінен жеткізе біледі. Оның оқырманға айтар ойы, алға ұстаған ұстанымы - жақсылық атаулының асқар шыңы - адамгершілік, ақиқатшылдық. Осы тұрғысында толғаған ой, түйген түйінін Асан, Самат сынды кейіпкерлер бойынан табасыз.

 

 

Телеуова 3.Құлаған үйдің құпиясы. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 144 бет.

Жас өспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады.

Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы,үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткін- шектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көрініс- теріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

 


 

 

 

 Ахметұлы Д. Робот және алты асық (заманауи ертегілер). - Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2019. -48 бет.

Дәнеш Ахметұлы балаларға арнап ертегілер жазып жүрген жазушы. Бұл жинаққа автордың «Робот және алты асық», «Айлы түнгі айқас», «Бөгде құстар», «Жаңғалақ», «Қимас достар» деген заманауи ертегілері енгізілген. Кітап түрлі


 

 

 

 

 

 АТАМЕКЕН: ақпараттық-танымдық жинақ. // Құраст. С.Итеғұлова. // - Алматы: «Раlitrа-ргеss», 2018. - 144 бет.

Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.

 

 

 

 

 Жұманова З. Ақбота. Алматы:Дәуір, 2019.-276 бет.

Белгілі қаламгер Заря Жұманованың «Ақбота» дейтін кітабына енген шығармалары негізінен өскелең ұрпақ тақырыбын көбірек қаузайды. Жасөспірімдердің өмірі, арман-тілегі кітаптың өнбойында тұнып тұрғаны байқалады. Ал жинақтың соңғы бөлімінде аударма саласынан бірер еңбектері топтастырылған.

 

 

 

 

 

 

Әкірамұлы С. Ұқыпты бала.т-Алматы, 2019.-76 бет.

Ақын Серік Әкірамұлының бұл кітабына балаларға арналған әртүрлі тақырыптағы, сан алуан мазмұндағы өлеңдер енген. Автор туындылары арқылы бүгінгі және келешек жас буынды ұлттық рухта, қазақы болмыста, өнегелі, білімді етіп тәрбиелеуге шақырады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ел мен жерді сүюге үндейтін өлеңдердің тілі жатық, мазмұны бай, тәрбиелік мәні, тағылымы мол.

 

 

 

 

Макдональд Дж. Алтын кілт. –Астана:Фолиант, 2018.-136 бет.

«Алтын кілт» ертегі хикаяты алғаш рет 1860 жылы «Dealing with the Fairies» атты әңгімелер жинағында жарық көрген. Бұл ертегі британ балалар әдебиетінің алтын қорына енген. Әр жыл-дарыжеке кітап болып түрлі нұсқаларда да басылға. Кейінірек скретчборд техникасымен салған суреттерінің арқасында иллюстратор Руф Сандерсон осы хикая үшін ерекше маңызға ие жарық пен көлеңкенің еліктірер бейнелілігін шебер көрсете алды.Автордың шығармада айтар ойы өзгеше, себебі ол ертегінің негізгі мәнін оқырман өзі ұғынуы үшін әдейі жұмбақ күйінде қалдырған. «Алтын кілт» ертегісі қиял-ғажайып сарындағы шындыққа негізделген, сондай-ақ сиқырға толы шытырман ертегіретінде де қабылдауға болады. «Алтын кілт» — британ балаларының бірнеше буыны өзінше ашқан және таныған құпия. Енді біздің жас оқырмандарымыз да Джордж Макдональд жасаған сиқырлы елге, сиқырлар, ғажайыптар мен шытырман оқиғалар әлеміне сапар шегіп,әлемнің көз тартар әсемдігі мен ғаламатын сезінуге көмектесетін өзінің алтын кілтін іздей алады.

 

Төлепбергенұлы, Нұртан. Балалармен достар – алуан түсті құстар [Мәтін] - Алматы : 2019. - 64 б.
Бүлдіршіндерге арнап қызықты тақырыптарда өлең-жыр жазып жүрген сатирик-жазушы Н. Төлепбергенұлының «Балалармен достар – алуан түсті құстар» кітапшасында балалар, құстар – жануарлардың бір түрі екенін есіне түсіреді. Құстар әртүрлі қорекпен қоректеніп, әртүрлі ортада тіршілік ететінін біледі. Құстардың түрлері туралы түсінігін кеңейтеді. Үй және жабайы құстарды анықтап көрсетеді. Құстарды тіршілік ету ортасына байланысты айырып таниды. Құстардың түрлерін сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіреді, атауларын әліпбимен таныстыра отырып, әдемі де қарапайым, түсінікті тілмен өлеңге арқау етеді.

 

Төлепбергенұлы, Нұртан. Қорқақ қоян, ашулы арыстан [Мәтін] - Алматы: Аруна, 2019. - 64 б.
Жас бүлдіршіндерге арналған жаңа суретті кітапшасы орман – тағайларда мекендейтін алуан түрлі жабайы аңдардың суреттері мен олардың қызықты тіршілігі жайлы өлең жолдарымен жазылған.

 

Лефёбуре Ли . Кенгуру еліне саяхат[Мәтін]. –Астана: Фолиант, 2018.-28б.
Қарға мен Тотықұс бұл жолы  Аустралияға сапарға шықты! Қызыққа толы сапарда эму, үйректұмсық, кенгуру сияқты түрлі  жануарларға кезігіп олардың көмегімен кішкентай балақайға көмектеспек болды.  Анасынан адасып қалған кішкентай балақай кім болды?

 

Алдар Көсе мен Қожанасыр хикаялары [Мәтін] / құраст. А. Құлбаев. – Алматы : Балауса, 2018. - 192 б.
   Алдаркөсе былай депті», «Әй, Алдаркөсешілеп кеттің-ау», «Өй, өзің де бір Қожанасыр екенсің ғой», «Қожанасырлығым ұстап» деген астарлы сөздердің түп төркіні, мағынасы баршамызға аян. Қос әзілкештің аңқау, алаңғасар мінездері, қиқар қылықтары, ащы тілдері, ұтқыр жауаптары, зілсіз әзіл-қалжыңдары тіпті күллі әлемге танымал.

 

Алақай! Жаңа кітаптар келді
Балаларға базарлық

 

Шалқан 

 

Бала, бала,баламыз

 

Үйшік

 

Бауырсақ

 

Жыл мезгілдері

 

    

 

 

«Классикалық хикаяттар»  және  «Мировая классика – детям»  топтамасымен 2 тілде шығарылған  кітаптарда  қызықты әрі жұмбаққа толы шытырман алуан түлі  оқиғалар баяндалады.Мұның бәрі кітаптарда тартымды баяндалғандықтан,жас оқырмандар қызығатыны сөзсіз.

 

 

«Даңқты адамдар» топтамасында әлем тарихында айырықша із қалдырған танымал адамдар туралы жан-жақты мәлімет беріп, өміріне қатысты қызықты деректермен таныстырады.

 

Энциклопедия - аса көрнекті ұлт қайраткері,Алаш қозғалысының рухани көсемі,қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,ақын,көсемсөзші,аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі,қызметі,шығармашылығы туралы баяндалады.
Балаларғаарналғанжинақтақазақтыңазаттықжәнеруханитарихындағыеңүлкенұлт-азаттыққозғалыстыңжалпымазмұны, оныңұлттықмаңызы,негізгітұлғалары, қайраткерлерітуралымәліметтер берілген.
Анықтамалықтөлэнциклопедиялықбаспаныңжүріпөткен 50 жылдықжолыныңөзіүлкентарихқаайналған.Жартығасырлықтарихижолынайшықтайтынқұнды да мәндідеректеркелтірілген.
Әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға,әлемнің қасиетті жерлерін,мемлекеттерін танып білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын,жеткіншектердің көптеген сұрақтарына жауап табылады.
Алтынемел,Бұланты,Жидебай,Ордабасы,Отырар,Қазығұрт тағы да басқа туған өлкеміздің жетпіс тарихи орындары, сан ғасырлық қазақ тарихында айырықша маңызға ие болған,ерте дәуірден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер туралы.

 

Кішкентай бүлдіршіндерге түрлі-түсті, қызықты «Тәрбие тал бесіктен» сериясымен шыққан .суретті  кітаптар топтамасын  ұсынамыз:
«Ақымақ қасқыр»,«Арам маймыл», «Арыстан мен тышқан»,  «Жыл басына таласқан жануарлар»,«Екі қаз бен бақа», «Сазайын тартқан түлкі» аттыертегілеріәсем көркемделген таңғажайыптар мен қызықтарға толы, пайдалы, үйретері мол кітапшалар.

 

 

«Сен білесің бе?» топтамасы балаларға  арналған қазақ халқының   тарихи-этнографиялық кітаптары, Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті және әр тақырыптарда нақты таныстырады.

 

 

«Тәй-тәй» топтамасымен білдіршіндер кітап әлеміне алғаш қадам басады.  Қызғылықты тәрбиелік  мәні бар,  көркем суреттері бала танымын дамытады.

 

 

Бүлдіршіндерге арналған кітаптар

 

Алматы қаласы, «Аруна»баспасынан  шыққан.. Мысалы: «Әуесқоймарғау», «Көңілдікөжек »,  «Қызылтелпек», «Қызылқоңыз», «Пысыққұлан», «Іскераюларотбасы», «Саяхатшыжолбарыс», «Ұсқынсызбалапан» т.б.

<>

Көжектіңдостары көп.Олардың қолдарынан бәрі келеді, келмейтіні жоқ.Көжекте өз қолынан іс келетінін көрсетіп, ақыры өзіне ермек табады, жазады, оқиды санай алады. Бұл кітап арқылы пысық құланмен танысасыңдар.
Қарны аш болса да кездескен, қытырлаған дәндерден бас тартқан оны, алда қандай дәмді заттар күтіп тұрғаныноқып білесіңдер.
Балаларға базарлық. Көркем суретті энциклопедия - Алматы, 2013,480 бет.

Оқушылардың білімін артыруға, зеректілігін шыңдауға, дүниетанымын байытуға бағытталған әлемдік және отандық ең маңызды ұғымдар, терминдер және тұлғалар еніп отыр. Мұнда ғарыш,табиғат құбылыстары,жануар әлемі, тарихи оқиғалар, ұлы қайраткерлер,әйгілі шайқастар,шет мемлекеттер жайлы алуан түрлі қызықты ақпарат табуға болады.Сондай-ақ бұл кітаптан тәуелсіз еліміздің өзендері мен көлдері таулары мен ормандары,бүгінде ірі өндіріс пен мәдениет орталығына айналған қалалар Алматы мен Астана туралы толық мағлұмат аласыңдар

Балаларға спорт жөнінде.Қазақ тіліне аударған Ж.Б.Қажығалиева–Алматы,2013.

Кітапта бүкіл әлемде ойналатын спорттың 100 түрі қамтылған. Адамдар ғасырлар бойы спорттық ойындар ойнап келеді Бүгінгі күні әлемде спорттың са�луан түрі бар,олардың әрқайсысы өзінше күрделі және қызықты Спорт шапшаңдық пен күштілікке, ұқыптылық пен дәлдікке, қырағылық пен тапқырлыққа сынақ болып келеді. Сенің жасыңа,бойыңа немесе бейімділігіңе қарамастан, саған лайық спорт түрі әрқашанда табылады. Мына кітаптан өзіңе сай ұнаған спорт түрін таңдауға болады.

Білуге ұмтылу-қоршаған ортаны,әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз.Жан-жақты болуға деген ұштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз. Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып білгісі келетін білімқұмар балаларға -«Аруна» баспасы «1100қызықты деректер» топтамасынан «Адам анатомиясы» , «Қару - жарақтар» кітаптары түсті.Сан саланы қамтитын бұл екі кітап оқырмандардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап табады.
Джонни Б. Сиқырлы математика.Қаз тіл ауд .Б.К. Уразова-Алматы, Алматыкітап,2013,94 б

Көне дәуірлерге, математика мен өлшеулердің бастауы.Матемагтермен– сандардың сиқыры арқылы әлемді таныған.Күн сағаты,жұлдыз сағаты қалайжасалады? Қалай өлшеу керек? Неге пи саны –әлемдегі ғажап сандардың бірі?Бастың өзін ғана қалай өлшеуге болады? Ғалымның құпияларын ашқан тарихитұлғалармен танысасың. Джонни Боллдың басынан-аяқ экшнге және шытырман оқиғаларға толы кітабымен танысуға асық!