Нұршайықов Әзілхан Махаббат, қызық мол жылдар [Мәтін] Роман–Алматы : Жазушы, 2020. - 360 бет.

Кезінде қалың оқырманның сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің оқырманын да бей-жай қалдырмасы анық. Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына «Қызыл көрпе» атты ауызша әңгімесі негіз болған. Кейінірек «Махаббат жыры» повесі аталып, 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Ал 1970 жылы баспадан тұңғыш рет «Махаббат, қызық мол жылдар» романы болып шықты. Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері – өмірдің қиын жолдарынан өтіп, өздерінің асыл мұраттарына дақ түсірмей, кіршіксіз сақтай білген адал жандар. Автордың романның қалай жазылғаны жөніндегі әңгімесі кітап соңында берілген.

Оразалы А. Тұлпардың соңғы тұяғы. [Мәтін] Роман. –Алматы. –мазмұндама, 2022. -184 бет.

Қытайда тұратын қазақтың даңқты жазушысы, Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразқан Ахметтің «Тұлпардың соңғы тұяғы» ойы оқшау, бітімі бөлек туындыларының бірі. Көптеген роман, хикаят, әңгімелер жазған; шығармалары қытай, корей, ағылшын, араб, жапон секілді оннан аса тілге аударылған қаламгердің бұл туындысын кейбір сыншылар «Оразқан Ахметтің ең үздік шығармасы» деп те атайды. Енесі өлген құлын есекті еміп өседі... Кейін оның бойынан жылқы малына жат оқыс мінез байқалады. Жазушы осы оқиғаны жеріне жеткізе суреттеген. «Қағынан жеру» ұғымын, өз болмысынан ажырау процесін, махаббат пен ғадауаттың, ақ пен қараның арасындағы қарым-қатынасты өмірде болған шынайы оқиға арқылы суреттейді. Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері [Мәтін] Роман: арғымақ антологиясы: Күлтегіннен күні бүгінге дейін / құраст. Е. Жаубай. – Алматы : Тарпанбаева А.Ш., 2023. – 400 б. – (Жаңа қазақ әдебиеті).

Қолдарыңызға тиіп отырған халқымыздың асыл қазынасының бір тамшысы – «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жинағы құрастырушының алғашқы еңбегі. Қазақ атауы жылқы ұғымымен бітісе кеткендігі сондай бұл екі ұғымды бір-бірінен бөле қарау мүмкін емес. Бұл көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады.

Петрановская Л. В. Сіз және балаңыз туралы үлкен кітап. [Мәтін] -Алматы, 2020.-120бет.

Әр түрлі жастағы балалары бар, тіпті балалары ер жетіп қалған ата-аналарға арналады. Кітаптың алғашқы бөлігінде автор бауыр басу теориясынының негізінде баланың тұлға болып қалыптасуына ата-ананың рөлін көрсетеді. Сонымен қатар баланың «теріс қылығы», «бұзықтығы» сияқты іс-әрекеттердің астарында не жататынын білетін боласыз.

Исабеков Дулат Қарғын [Мәтін] -Астана: Фолиант, 2023.-208бет.

Қарғын” романы алғаш рет 1980 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Кітап баспадан шыққан бойда жастардың сүйіп оқитын шығармасына айналды. Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер айтып қалады.

Пири М.: Пікірталас өнері [Мәтін] –Алматы: Мазмұндама, 2021. -284 бет.

Бұл кітап - кез келген пікірталаста өз мүддеңізді қорғауға көмектеседі. Логиканы аргумент ретінде қолдану бойынша толық практикалық нұсқаулық. Адамдардың жеңіліп тұрса да, логика арқылы өз мүдделерін қалай қорғағаны туралы көптеген мысалдар таба аласыз. Өз мүддеңізді қорғап, өзгелердің алдында ерекше зиялы, терең білімді екенініңізді көрсетіп, күрмеуі қиын жағдайдан оңай сытылып шыққыңыз келсе, осы кітаппен қаруланыңыз.

Тоғжанова М.: Ата-ана білмейтін қателіктер [Мәтін] –Алматы: Самға, 2022. -128 бет.

Бала тәрбиесіне қатысты ата-ананың дұрыс деп ойлайтын қателіктері. Бала кейбір ата-аналар үшін өзінің жеке меншігі сияқты болып кеткен заманда өмір сүріп жатырмыз. Ата-аналар өзі қалаған, өзіне ыңғайлы, өзі басқара алатын «баланы» тәрбиелегісі келеді. Ал шын мәнінде бала жеке адам, ол да өзіміз сияқты Құдайдың құлы екенін ұмытып кетеміз. Сөйтіп, мақтайтын кезімізде, ренжіген сәттерімізде, оның жылап-күлуінде, өмірде сенімді адам болып қалыптасуында, тәрбиесінде тікелей өзіміздің жауапты екенімізді ескермей қалдық. Бұның салдарынан отбасымызда баламен қарым-қатынасымызда, сөйлеуімізде бізге білінбестен қаншама қателіктер кетіп жатыр. «Ер бала жыламайды», «тентек бала ақылды емес», «баланы еркелеткен сайын есіретін болады», «менің балам ең үздік болуы керек», «ұл нағашысына, қыз әпкесіне тартады», т.б. деген сияқты тақырыптар күнделікті алдымыздан шығып отырады. Осы сәттерде осы кітапша сіздерге ең жақсы құрал деген ізгі ниетіміз бар.

Құлекеев Ж. Қаңтар оқиғасы [Мәтін] – Алматы: Классика, 2022 -357 бет.

2022 жылдың қаңтарын қазақ халқы ешқашан ұмытпайтыны хақ. Жыл басында елімізде орын алған қасіретті оқиға басқаша аяқталғанда қандай мемлекетте өмір сүріп жататынымызды дәл бүгін көзге елестетудің өзі қиын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың табанды позициясы ғана халықты тағы бір зауалдан құтқарып қалғаны – қазір басы ашық ақиқат. Бұл туралы алдағы уақытта әлі талай еңбек жазылатыны анық. Сіздің қолыңыздағы туындыда осы оқиға төңірегінде әңгіме қозғалады. Кітап үш бөлімнен тұрады. «Қаңтарға дейін» деген беташар бөлімде Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік екі жылындағы тылсымға толы құбылыстар мен оқиғалар терең зерттеледі. «Қаңтарда» деп аталатын негізгі бөлімде автор бұқаралық ақпарат құралдарының және еліміздің күштік құрылымдарының деректеріне сүйене отырып, билік транзитіндегі консенсустың қалай бұзылғаны және оның адам өліміне алып келген зардаптары жөнінде тосын ойлар айтылады. Ал «Қаңтардан кейін» атты қорытынды бөлімде елдің демократиялық жолға түсу жолындағы саяси реформалар төңірегінде егжей-тегжейлі сөз қозғалады. Кітап қарапайым тілмен жазылғандықтан көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз.

Қами, Нұрлан. Қыз Данайдың қырғыны [Мәтін] хикаяттар / Н. Қами. – Алматы : “БИБІ-АНА” қайырымдылық қоры”, 2023. – 248 б.

Жазушы Нұрлан Қамидың бұл жинағына автордың өзі туып-өскен ортасы, еліміздің батыс өлкесіндегі Жылыой өңіріне қатысты хикаяттар енгізілген. Осыдан екі ғасырдай уақыт бұрын өмір сүріп, атақ-даңқы алты алашқа жайылған әйгілі батыр мен ақылына көркі сай айтулы арудың арасындағы жан тебірентерлік махаббат, қос ғашықтың аз ғана күндік қызығын көре алмай, елден қуған ағайынның қатігездігінің астарында жатқан қат-қабат сырлар, халқымыздың сол кзге тән дүниетанымы мен салт-дәстүрінің кейбір қырлары мейлінше шынайы суреттеледі.

Асан А. Айша бибі[Мәтін]: Өлеңдер, балладалар / Акерке Асан. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. – 160 б.

Жас ақын Ақерке Асанның «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жана өлендері топтастырылған. Өлеңдерінің денi жастык, махаббат такырыптарына құрылғанымен, туған жер, өскен орта алдын дағы перезенттік парызын жырларына өрнектей білген автордың бұл жинағы көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.

Абай (Ибраһим Құнанбаев)

Шығармалары. –Алматы: Жібек жолы, 2019.-488 бет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен алдағы жыл (2020 ж) ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы боп жарияланды. Осыған орай ақынның сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалар жинағы ұсынып отыр.

Әбу Насыр әл-Фараби. Қайырымды қала. 1 том. 7 томдық жинағы. –Алматы: RS;Халықаралық Абай клубы,2019.-248 бет.

Әбу Насыр әл-Фараби. Философиялық трактаттар. 2 том. 7 томдық жинағы. –Алматы: RS;Халықаралық Абай клубы,2019.-248 бет.

Жүністегі К. Соңғы абыз: роман.-Астана: Нұр-Астана, 2008.-352 бет.

Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырман кеңінен таныс.Оның қаламынан шыққан «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу» атты кітаптарын, «Құба белдер» трилогиясын және «Көксеңгірдің тасында» повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Жазушының  «Соңғы абыз» романы әдебиетіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі-Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған..

Баймухаметов  А.Тастамашы, ана!.  -Алматы: Кітап, 2019-320 бет.

Бұл кітапта башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген. Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп,бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады
 

Артыкбаев Ж. Абылай хан. — Нур-Султан : Фолиант, 2019. - 400 с.

Абылай хан (1713 — 1781) — выдающийся хан казахов. Отпрыску одной из династий казахских чингизидов с малых лет судьбой было уготовано стать участником многих исторических событий XVIII века. Он был не только свидетелем взлетов и падений своей страны, но и руководителем и вдохновителем ее возрождения как государства. В книге рассказывается о жизненном пути Абылая, его учителях и наставниках, событиях внутренней жизни общества и о многочисленных войнах, которые в XVIII веке вели 
Дәуренбеков Ж. Қолтаңба. (эсселер). - Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2019.-480 б.

Белгілі қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтың бұл кітабы көркем жазылған сан қырлы эсселерден тұрады. «Тұлғатану», «Ағалар мен інілер», «Уақыт және руханият» секілді тарауларға бөлінген эсселерде еліміздің белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен замандас- қаламдастарының әдеби портреттері әсерлі жазылуымен баурап алады. Автордың бұрын жарық көрмеген бұл туындыларынан рухани жаңғырудың жарқын серпіні көрініс береді, оның жасампаз тұлғалары көркем кестеленеді.

Оқырман көңілінен шығарына сеніміміз мол.

АТАМЕКЕН: ақпараттық-танымдық жинақ. // Құраст. С.Итеғұлова. - Алматы: «Раlitrа-ргеss», 2018. - 144 бет.

Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.

Жинақты еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

Тоқтасынұлы Е
Бауырым-ай.Роман.-Алматы,Қаламгер,2016-342бет

Спорт нұсқаушысы мен күресбапкерініңөмірі,шәкіртері,жарыстар,саламаттыөмір,мөлдірмахаббат,қартҚаратаудыңәсемтабиғатыайырықшаәсерлібаяндалады. Қазақәдебиетінің спорт тақырыбынаарналғантұңғыш романы.

Нұрмағамбетов Ө
Шоқ жұлдыз.Өлеңдер.-Алматы,Хан-тәңірі,2014-286 бет

Өрнектіөлеңдері мен ойлышумақтарыменжарқетіпкөзгетүскенақын,ҚазақстанРеспубликасымәденетсаласыныңүздігі,белгілікәсіпкерӨтегенНұрмағамбетовтыңбұлжинағыөмір,достық,махаббатжайлыөлең-жырларыеніпотыр.

Бейсенбекұлы Д

Жалғызжұлдыздың жарығы.-Алматы,Таймас,2016-128бет. Жасжазушыныңқаламтербегентуындылары, өзініңшынайлығымен,ауылдың аңғал мінезіменерекшеленіп,балалықшақтыңқайталанбас,шуақтысәттерінбаланыңойын бала тіліменжеткізген.

Бөкейхан Ә

Шығармалары.1,2 том.Қазақжәнеорыс тілде.-Астана,Сарыарқа,2016-208б Кітапта алашкөсеміӘлиханБөкейханның 1889-1903 жылдараралығындажарықкөрген мақалалары,ғылымизерттеулер,экспедицияматериалдары, фельетондар ,көркем аудармалар,хаттар іздепжарияланғанмұрағат құжаттарынқамтиды.

Жамбыл.Энциклопедия.Бас.ред.Тойбаева Ж. – Алматы ,Қазақэнциклопедиясы, 2016-616б.

Ұлыжырау,сұңғылажүйрік,суырып салма жыршы,ақиық ақынайтыскерақын Жамбыл Жабаев – өз есіміменұлтымыздың даңқынәлемгетанытқанбіртуартұлға.Жүзжылөмірініңсексенбесінөлеңменөткізгенақын – екіғасырдыңкуәсіғанаболғанжоқ.Оныңжүзжылғыөмірі,шындап келгенде,екіғасырғатеңеді.

Железняков Б.А.
Таңбалы:Жартастағы сурет өнер ескерткіші.Үш тілде. Фотоальбом.-Алматы,БПКА,2016-240бет

Таңбалы қазақ халқының ғана мақтанышы емес,ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды тарихи мекен. Ашық аспан астындағы қорық-мұражайындағы ерекше қорғалатын ортаңғы аймақта 50000-ға жуық жартас суреттері кездеседі. Альбомға тарихимұражайдағыкөптегенқұндымәліметтеренген.

Қазақтыңкиізүйітуралы.Этнографиялық-танымдықмақалалары.Құраст.Ғ.Ештанаев - Сәтбаев,Даму,2016-47бет

 

Ата мен немересұхбатындабалалардыңқабылдауыналайықтап, киізүйжәнеоныңқұрлысы жайлытанымдықмәліметтерберілді.Сұрақ-жауаптүріндеөрбитінойлароқуғажеңіл.Жинақ мектепжасындағы балаларғаарналған.

 

Шайқақов
Алтын діңгек.Деректі повесть.-Алматы,Таймас,2016,-112бет

Қарапайымбарыншакісілігі мол жандардыңсаясындаөскенқұрақбүгіналыпбәйтерекке айналса,Қазақстансияқтыіргеліелдіңкөшінбастағанұлытұлғағаайналса,ол да асыләке Әбіштің,аяулыанаӘлжанныңжемісі. Осы кісілердіңөмірі.ЕлбасыНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтыңата-анасы туралы.

Сатыбалдыұлы Қуантай «Ақиқат мінбесі», - Әңгімелер – Алматы: «Хантәңірі» баспасы,2015. – 342б.

Адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, тіршілік иелері мен табиғат арасындағы теке тіресті көтерген түрлі жанрдағы көркем шығармалары еніп отыр.

Игильманов А.Игильманов Т. Инженерлік геодезия: Оқулық. – Астана: Фолиант,2010. – 176б.

Геодезия мәселелеріне ғылыми тұрғыдан қысқаша түсініктемелер беріліп, олардың құрылыста алатын орны атап көрсетілген және геодезиялық өлшемдердің көптеген түрлері қарастырылған.

Ғалиева Н. Тігіншілерді өндірістік оқыту : Әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант,2010. – 104 б. Тігінші мамандығы бойынша оқу – өндірістік жұмыстардың