Алматы қаласының «Мұрагер» байқау орталығының ұйымдастыруымен Республикалық «Жеті өнер» жасөспірімдер мен балалар арасында шығармашылық байқауы өтті. Онда қатысушылар өз өнерлерін «Қолөнер», «Ақындық өнер», «Хореграфия», «Көркем сөз» т.б. жанрлар бойынша өз қолымен жасаған бұйымдарын немесе би, еркін тақырыпта шығарма, ән орындап бақ сынасты.
Байқаудың негізгі мақсаты балалардың ұлттық өнерге, сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, шығармашылық, эстетикалық — көркемдік дамуларын, тұрмыс салт - дәстүріне деген қызығушылықтарын ояту болды.
Аталған байқауға кітапханамыздың сектор меңгерушісі әрі «Асыл оймақ» үйірмесінің жетекшісі Аймагамбетова Калтай Каримовна қатысып, ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп, өнер жолында үлкен жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін «Үздік Ұстаз» номинациясына ие болды.
Ұстаздан шәкірт озар дегендей «Асыл оймақ» үйірмесінің қатысушысы № 1 мектеп – гимназиясының 4 «Г» сынып оқушысы Аяпова Аружан Бауржанқызы «Қолөнер» жанры бойынша бас жүлде дипломы және медальмен марапатталды. Сонымен қатар байқау жеңімпаздары 2021 жылы Алматы қаласында өтетін байқауға жолдама ұтып алды. Алдағы уақытта қатысушыларға сәттілік тілейміз.