«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздікпен түлеген түлектер» атты қалалық онлайн – сайысы өткізілді.
Бұл байқаудың мақсаты: балалар, жасөспірімдер және жастар арасында бойында өнері бар таланттарды табу. Жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, дарынды тұлғаларды анықтау.
Аталған байқауға кітапханамыздың «Асыл оймақ» үйірме жетекішісі Аймагамбетова Калтай Каримовна «Қолөнер» (фетрмен жұмыс, кесте, биссермен жұмыс, ою – өрнек, тоқыма) жанры бойынша өз қолымен жасаған жұмыстарын өткізіп «Колөнер» номинациясы мен жүлделі 1 орынды иеленіп диплом және сыйлықпен марапатталды