asyl 1

Мақсаты:

Оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу, ұмыт бола бастаған қазақтың дәстүрлі өнерлерін (зергерлік, ағаш ою, кесте тігу, тері өңдеу, киіз басу және т.б.) үйрету арқылы ұлттық мәдениетті насихаттау және сақтап қалу.

Міндеттері:

  1. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлерімен таныстыру.
  2. Шеберлік дағдыларын дамыту (қолмен жұмыс істеу, ұқыптылық, шығармашылық ойлау).
  3. Ұлттық өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптастыру.
  4. Шеберлермен кездесу, шеберханаларға экскурсия ұйымдастыру.
  5. Дайын бұйымдардан көрме ұйымдастыру.
  6. Жоғалып бара жатқан өнер түрлерін зерттеу және қайта жаңғырту.

Жылдық жұмыс жоспары:

Айы

Іс-шаралар атауы

Мазмұны / Қысқаша сипаттама

Қыркүйек

Отбасы күніне орай
«Отбасы  - кіші Отаным»
«Әжелер –отбасының алтын қазығы»
(Әжелер мен немерелері  4 кезеңнен тұратын сайыста өнерлерін көрсетеді. Қазақтың ұлттық өнері ою-өрнектен көрпешелер тігіп, немерелерімен қосылып ән айтып, мақал –мәтелден жарысады)

Кітап көрмесі Байқау

Қосымша

Қазан

Қазақ қолөнерінің тарихы

Дәріс, видео көрсету, сұрақ-жауап

Қараша

Кесте тігу, өрнек салу

Практикалық жұмыс

Желтоқсан

Киіз басу

Шеберлік сағаты, ұлттық технологиялар

Қаңтар

Зергерлік өнермен танысу

Жергілікті шебермен кездесу, әшекей жасау

Ақпан

Тері өңдеу, қамшы өру

Практикалық шеберлік сабағы

Наурыз

"Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра" атты көрме

Үйірме қатысушыларының жұмыстарын көрсету

Сәуір

Ағаш ою, өрнек салу

Қолөнердің бұл түрлерін тәжірибе жүзінде меңгеру

Мамыр

Қорытынды сабақ, марапаттау

Белсенді қатысушыларға алғыс хат, куәлік тапсыру

Қазақ қолөнері – халықтың материалдық және рухани мәдениетінің жарқын көрінісі, өзінің көркемдік мағынасымен, бітім-қасиетімен ғасырдан ғасырға мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған алтын қазына.

 

asyl 2

 

Үйірмелер айына 1 рет өткізіледі.
Жазылу үшін сынып жетекшіңізге хабарласыңыз:
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Құсаинов көшесі 31-1
 +7 (71063) 7-49-62, +7 (71063) 7-46-44.    Эл.почта:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.