
Клуб – бұл қоғамдық ұйым, ол еркін таңдау мүмкіндігін қарастырады, әлеуметтік маңызы бар түрлі қызметтерге қатысуға, өз күшін сынауға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік береді.
Мұнда тұлғаның маңызды моральдық қасиеттері қалыптасады: ұжым үшін жауапкершілік алуға дайын болу, өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Патриоттық тәрбие – бұл азаматтардың жоғары патриоттық санасын, Отанға деген адалдық сезімін, азаматтық борышын орындауға және Отан мүддесін қорғауға дайын болуын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйелі және мақсатты қызметі.
Патриотизм – бұл өз Отаныңды сақтау мен көркейтуге бағытталған идеялар, эмоциялар, көңіл-күй, сенімдер мен әрекеттер жиынтығы.
Мақсаты :
Оқушылар мен жастардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы білім беру, болашақ жауынгерлік рухты тәрбиелеу.
Оқушы тұлғасын қалыптастыру: өз мемлекетінің заңдары мен нормаларын, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерген, өзін азамат және патриот ретінде сезінетін, азаматтық борышын орындауға дайын тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қазақстанның әскери тарихын, батырлық шежіресін таныту.
- Жасөспірімдерге алғашқы әскери дайындық элементтерін үйрету.
- Жауапкершілік, тәртіп, ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыру.
- Әскери-спорттық жарыстар ұйымдастыру.
- ҚР Қарулы Күштері мен әскери бөлімдерге экскурсия жасау.
- Қайсарлық, батылдық, патриотизм рухын тәрбиелеу.
- Еркін, дені сау, рухани бай, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысының жүйесін құру;
- Қазақстан Республикасы, өзінің өңірі, ауылының тарихы мен әскери істерін зерттеу арқылы патриот тәрбиесін қолдау және дамыту;
- Гуманистік дүниетанымды қалыптастыру, қоғам мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті арттыру;
- Әскери-патриоттық тәрбие саласындағы әлеуметтік-мәдени қызметті үйлестіру.
Жылдық жоспар :
Айы |
Іс-шара атауы |
Қысқаша мазмұны |
|
ақпан |
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Қаһарлы күндердің өшпес даңқы» |
Кітап көрмесі |
|
сәуір |
1 мамыр – Бірлік күніне орай |
Кітап көрмесі |
|
шілде |
Астана күніне орай |
Кітап көрмесі |
|
Қосымша |
||
|
Қазан |
“Батыр бабалар жолымен” |
Тарихи тұлғаларға арналған патриоттық сабақ |
|
Қараша |
Әскери саптық даярлық |
Сапқа тұру, бұрылу, әскери тәртіп |
|
Желтоқсан |
“Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты” іс-шарасы |
Тарихи шолу, презентациялар |
|
Қаңтар |
“Жас сарбаз” тактикалық ойындары |
Спорттық-әскери ойындар |
|
Наурыз |
“Сарбаз боп өсу – арманым” кездесуі |
Әскери ардагермен кездесу |
|
қыркүйек |
Медициналық дайындық |
Алғашқы көмек көрсету үйрету |
|
Мамыр |
Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық сап түзеу |
Парад, флешмоб, ардагерлерге көмек |
|
Маусым |
“Жас Қыран” клубының жылдық қорытындысы |
Марапаттау, куәлік тапсыру, фотосессия |
Клубтың ерекшеліктері:
- Форма: әскери форма элементтері (бере, жейде, погондар).
- Слоган: «Отан үшін – аянба!»
- Ұраны: «Бір мақсат! Бір мүдде! Бір Отан!»
Клуб жұмысы аясында үйретілетін дағдылар:
- Саптық дайындық
- Әскери әндер
- Төтенше жағдай кезіндегі әрекет
- Медициналық көмек
- Патриоттық өлең оқу
- Қару-жарақты тану (пневматикалық)
- Картамен жұмыс, бағдарлау
Үйірмелер айына 1 рет өткізіледі.
Жазылу үшін сынып жетекшіңізге хабарласыңыз:
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Құсаинов көшесі 31-1
+7 (71063) 7-49-62, +7 (71063) 7-46-44. Эл.почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.







