Мақсаты: С. Сарғасқаевтың шығармаларының мазмұнын түсіну. Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбек сүйгіштікті өз бойына қолдану. Оқушылардың бойындағы бүкіл қасиеттерін жинақтауды үйрену. Шығарма желісінің маңыздылығын бағалау.
Қаламгер С. Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылық жолын насихаттауға арналған шараға Б. Момышұлы атындағы №1-ші мектеп- гимназиясының 4-ші «Б» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Б. Аимбетова қаламгер туралы естеліктерін әңгімелеп, балаларға арнап жазылған кітаптарын талдап, ой пікірін ортаға салды. Оқушылар өз кезегінде жазушы, С. Сарғасқаевтың шығармашылығымен жеке өміріне қатысты қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алды.