Мақсаты: Оқушыларға ақын Махмұт Қашқари өмірінен қысқаша мәлімет беру, Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі іс –шараға қалалмыздың №27 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Жақсылықова Толғанай Қуандыққызы қатысты. Абонемент бөлімінің кітапханашысы Толкимбекова Б. балаларға аса көрнекті философ, түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың өмірімен шығармашылығы жайында мағұлмат айтылды. Махмұт Қашқари түркі халқының басқа елден кем түспейтінің дәлелдегісі келгенің айтып өтті. Ғалымның жазған үш кітаптан тұратын «Түркі сөздерінің жинағы» (арабша аталуы: - «Диуани лұғати – ат – түрк») атты кітабында бүгінгі әдебиетіміздегі, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс – тіршілігіне қатысты құнды мәліметтерімен сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, мәдениеті, өзін – өзі ұстау әдеті тілге тиек етіп айтып өтті. Сондай – ақ ғалымның жасаған қазақ жерімен дүниежүзілік картасы, мақал –мәтелдері, жыр – дастандары жайында слайд көрсетіп, мәлімет беріп өтті.