Мақсаты: Балаларды қиялын, ауызша шығармашылығын көрсетуге ынталандыру; отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту.
Балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесуден қуанышты көңіл-күй қалыптастыру. Ертегі жанрына деген сүйіспеншілікті ояту.
Ойлау, сөйлеу, қиялын дамыта білу; кітапқа деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал ету.
Бүгінгі ісшараға №1 Б.Момышұлы атындағы мектептің 4 орыс сыныбының оқушылары қатысты. Балаларға кітапханашы жазушының өмірімен шығармашылығы жайлы мағылматтар айтып, слайд көрсетіп таныстырды. Ертегіші Г.Х.Андерсеннің «сказки» кітабының ішінен кішкентай оқырмандарымызға «Дюймовочка» ертегісін оқып берді. Бұл ертегіде адалдық туралы, балаларды өтірік тен аулық болу керек екендігі жайында айтылған. Балалармен танысқан ертегілердің мазмұнына тоқталып, сондай-ақ балалармен бірге еске түсіруге арналған викториналық ойын ойнатылды.
Шара соңында «Кітап менің ең жақын досым» тақырыбындағы кітап көрмемен таныстырды.
Нәтижесінде : акынның шығармалары балаларға жақсы әсер қалдырды. Қатысушы оқушылар кітапқа деген қызығушылығы артып, кітапты үйге жаздырып оқуға алды.