Мақсаты: Қадыр ақын қаламынан шыққан шығармалар құндылығына қанықтырып, жазып кеткен мұраларын тереңнен таныту, оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
Айтулы іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 8 сынып оқушылары мен Ғ.Шынболатқызы қатысты. Кітапханашы А.Бейсова оқушыларға Қадыр Мырза Әлидің өмір баянын,еңбектерін айтып өтті. Қатысушылар Ш.Жақсылық «Шарықтау шегі», М.Әбу «Халық», Е.Дүйсек «Қыр қазағы»,Т.Жалғасұлы «Тілазар», И.Жақсылық «Бұлт»,А.Уәлихан «Жаңбырдан соң», А.Тәжібай «Айып» өлеңдерін оқыды. Оқушыларға Қадыр Мырза Әли туралы сұрақтар қойылды . Оқушылар белсене қатысып ,біраз мағұлмат алды.