Мақсаты: Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріп, Отан қорғау ісі ең басты міндеттері екенін ұғындыру;Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Кітапханашы: Толкимбекова Б.Е. Келген оқырмандарға Қарулы Күштер туралы түсінік берді. Ер азаматтын ең басты ісі, Отан қорғау мен бірге еліміздің тәуелсіздігімен тұтастығын сақтау міндеттернің бірі екенін айтып өтті. Сонымен қоса келе жатқан Отан қорғаушылармен қарулы күштер күнімен құттықтап, алғыс білдірді. Іс – шараға Б. Момышұлы атындағы №1мектептің 7 сынып оқушылар өздерінің дайындап келген өлең шумақтарын тарту етіп, шара соңы мақал – мәтелдердің жалғасын табумен «Кім тапқыр» ойын ойнаумен аяқталды.