Мақсаты: Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу.
Аталған шараға, Жалпы білім беретін №3-ші мектебінің 8 «Ә» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі О. Хайса келді.
Шара барысында Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б. Аимбетова бірнеше қазақ әдебиетінің шығармаларымен таныстырып өтті, оның ішінде маңыздыларын атап айтсақ: А. Құнанбаев «Қара сөздері», М. Әуезовтың «Абай жолы», Ж.Аймауытов «Ақбілек», Б. Майлин «Шұғаның белгісі», М. Мағауин «Көкбалақ», Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» т.б. Одан кейін оқушылар назарына «Қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары» атты видео-ролик көрсетілді. Соңында оқушылар бейне-викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.