Мақсаты: Балалар қысқы демалыста бос уақытын кітапханада кітап оқуға баулу. М.Миклоштын шығармасымен таныстыру. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл –ойын, тілін дамыту, ғибрат сөздерден үлгі өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.
Ісшараға қаламыздың №3 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Балаларға жазушы М. Миклоштын «Қыстың қызықты хикаялары» атты кітабындағы ұсынылған шығармалармен таныстырды. Олар:«Уәде», «Менің құпия күнделігім», «Зімбір қосылған тоқаштар» , «Эстер тәтей», «Қоңырау». Сондай –ақ , М.Миклоштың «Қыстың қызықты хикаялары» кітабынын ішінен кішкентай оқырмандарымызға арнап «Жаңа жылдық тосынсый» әңгімесін оқып берді. Балалар ертегіні қызыға тындап, кітаптан өздеріне ұнаған хикаяларды дауыстап оқып, арасында тақырыпқа сай шығарманы талқылады. Сонымен қоса, қыстың қызығы жайында әңгіме өрбіді. Нәтижесінде ақының шығармалары балаларға жақсы әсер қалдырды. Қатысушы балалар бұл кітапқа деген қызығушылығы артып, кітапты үйге оқуға жаздырып алды.