Мақсаты: Адамзатқа  білім мен ғылымды дамыту арқылы бақытқа жету жолдарын көрсету,ізгілікті  қоғам құру, мораль мен парасаттылықты насихаттау болып табылады.         

Оқу залының кітапханашысы А. Бейсова 8 сынып оқушыларына  Әл-Фарабидің  өмірі  мен шығармашылығы туралы    таныстырып, ұлы ойшылдың еңбектеріне  атап  өтті. Әбу Насыр Әл Фарабидің бірқатар  шығармаларын шығару мен қатар,жыл сайын Әл-Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналды.  Оқушылар арасында белсенді пікір алмасу өтіп, олардың назарына Әл Фарабидің таңдаулы еңбектері көрсетілді. Шара соңында оқушыларға  ұлы ойшылдың даналыққа толы шығармалары  таныстырылды. Әбу Насыр әл -Фарабидің кітаптары көрсетілді.