Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Аталған шараға «Жалпы білім беретін» № 3 мектебінің 4-ші «ә» сынып оқушылары мен Абай Құнанбаев атындағы №4 мектеп-лицейіндегі 6 «д» сынып оқушылары және Сәтбаев қалалық үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің Мемлекеттік мекемесінен, мүмкіндігі шектеулі сегіз бала қатысты. Шара барысында кітапханашы Б. Аимбетова аяулы ұстаз, тәрбиешілер мен гүлдей құлпырған қыздарды 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Одан кейін 4 «ә» сынып оқушысы Сәлімжанқызы М. «Аяулы анашым» әнін шырқады. «Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй»-деп Абай атамыз айтқандай «Балбырауын» күйін орындаған 6-шы «д» сынып оқушысы Рахметолла Д. Қазақ биі «Қамажайды» 4-ші «ә» сынып оқушысы Дүйсенбек Сафия биледі. 6 «д» сынып оқушылары: Ибраев Д, Сейтбек Д, Сембина Ж, Мұхамбетқали Б. және мүмкіндігі шектеулі бала Аңсаған Н. «Анашым» аналарға арналған тақпақтарды жатқа оқыды. Тағы бір тамаша «Ақ құс» әнін Әкентай А. орындады. Шара соңында қатысушыларды кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып өтті.