Мақсаты: Оқушыларға діни экстремизм туралы мәлімет беру, оның себептері мен салдары туралы әңгімелеу. Діни сауаттылық туралы ақпараттармен таныстыру.
Сәтбаев қаласының Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының мониторинг бөлімінің басшысы Е.Жагипаров қатысқан шарада

діни экстремизмнің белгілері мен салдары әңгіме өзегіне айналды. Дін өкілі №7 мектептің 10 «а» сынып оқушыларына діни сауатсыздықтың арты қандай қайғылы жағдайларға әкеп соғатыны туралы өмірден деректер келтіріп, жастарды жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге үндеді. Діни сауаттылықты арттырудың жолын көрсетіп, өзі қызмет ететін діни орталықтың қызметіне тоқталды. Оқу бөлімінің кітапханашысы А.Бектас оқушыларға

«Діни экстремизмге жол жоқ» тақыбындағы кітап көрмесін таныстырып, мерзімді басылым беттеріндегі діни экстремизм тақырыбындағы мақалаларға шолу жасады. Ислам діні туралы жан-жақты ақпарат берді.