Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен таныстыру, кітапхана тәртібі мен кітап алу ережесін түсіндіру, оларды кітапхана оқырманы болуға үндеу, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы кітап оқитын өскелең ұрпақтың қатарын көбейту.
Ісшараға Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 2 «ә» сынып оқушылары қатысты. Олар абонемент бөлімімен танысып, құжат арқылы үйге кітап алуға болатыны жайында естіп-білді. Сондай-ақ оқу залының талап-тәртібімен танысып, осындағы жайлы парталарға жайғасып балаларға арналған кітаптармен танысты. Кітапхана қорындағы қызықты, әдемі суреттермен безендірілген кітаптар оқушылардың назарына ұсынылды. Әр оқушы кітаптармен танысуға мол мүмкіндік алып, кітап әлеміне саяхат жасады.