Мақсаты: Қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, заңғар жазушы, «Халық қаhарманы» Б.Момышұлы және Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің ерен ерліктерін насихаттай отыра, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай кітапхана оқырмандары арсында конференция ұйымдастырылды. Отан қорғау, ел мен жерді қорғау әрдайым ерлердің еншісінде болған. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі деген мақал мәтел де осыдан қалса керек. Конференцияда алғашқы болып сөз кезегін алған Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 6 «Д» сынып оқушысы Ә.Бертаев, №3 жалпы білім беретін мектептің 8 «А» сынып оқушысы І.Мұхамедия қалам мен қаруды қатар ұстаған Б.Момышұлының өмірбаяны мен ұрыс даласындағы ерліктері туралы баяндама жасады. Көрнекті жазушы, гвардия полковнигі Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы туралы Б.Момышұлы атындағы №1 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушысы Б.Өмірбек баяндама жасады. «Ұшқан ұя» повесі – ұлттық тәрбие мен рухани байлықтың қайнары» атты баяндамада батыр бабамыздың ұлағатты өмір жолы туралы баяндалды. Кеңес Одағының батыры М.Ғабдуллиннің өмірі мен шайқастағы ұлы жетістіктері туралы Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 6 «Д» сынып оқушылары Д.Рахметолла, О.Қосымбай баяндап берді. Іс шараға №7 жалпы білім беретін мектептің 8 «А» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, Халық Қаhармандары туралы жан-жақты ақпарат алды. Оларға арналып Ұлы Отан соғысының батырлары туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.