Мақсаты: Оқушыларға зиянды әдеттердің зияны туралы түсіндіру, оларды салауатты өмір салтына ынталандыру, есірткі, алкоголь және электронды темекінің адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізер кері әсері туралы ақпарат беру
Іс-шараға Индустриялдық колледжінің 1 курс студенттерімен ұстазы С.Б. Макажанова қатысты. Шара барысында Б.Е. Толкимбекова «Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен есірткінің адам денсаулығына зияны жайында түсіндірді. Сондай –ақ, отбасына және қоғамға адам психологиясына тигізетін кері әсерлері туралы ақпаратты айтып өтті.
Білім алушылар өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғынды. Іс-шара жастардың жауапкершілігін арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітап көрмедегі: З.Қалқамбай «Ұзақ өмір сүргі келсе...», Ә.Мұқашбеков «Рух пен тәннің саулығы», «Салауаттану», «Здоровье-осознанная необходимость» атты кітаптармен таныстырып өтті.







