Мақсаты: сайыс сабағы арқылы оқушылардың білімдерінің жан-жақты дамуы, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру және өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт- бағдар беру.

Осы іс-шараға Сәтбаев қаласының №4 Абай атындағы мектеп-лицейінің  5 «Ә» сыныбының оқушылары қатысты. Олар «Тұлпар» және «Сұңқар»  болып екі топқа бөлінді. Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрады 1-ші кезең «Білімді мыңды жығады» сұрақ жауап, 2-ші кезең  Отан туралы «Мақал -мәтелдер», 3-ші кезең «Тапқыр болсаң талас жоқ» суретке қарап қаламыздағы көрікті жерлерді атап шығу, 4-ші кезең  «Отан» туралы өлеңдерді  жатқа оқу,5-ші кезең «Сөздің мағнасын тап». Балалар бұл сайысқа жақсы көңіл күймен қатысып білімдерін шыңдады. «Тұлпар» тобы алға шықты, Оның ішінде белсенділік танытқан А.Балғабек пен  А.Барлыбай  сұрақтарға тапжылмай жауап берсе, Б.Серікбаева  М.Мақатаевтың «Отан» туралы өлеңін мәнерлеп оқып берді, ал Ж.Серік болса берілген сөздің мағнасын дәл тауып айтты. Шара барысында оқушылардың назарына  кітапхананың библиографы Ә.Шегебаева «Сәтбаев қаласы», «Сәтбаев қаласының көшелері», «Қаныш Сәтбаев» атты энциклопедияларымен таныстырып, қаламыздың тарихын әрі қарай зерттеймін, ізденемін деген оқушыларға осы кітаптардан көп мағұлматтар алуға болатынын айтып өтті. Шара соңында балаларды марапаттап «Алғыс хат» пен сыйлықтары табыс етілді.