Мақсаты: Ауған соғысы туралы өскелең ұрпаққа ақпарат беру, оларды ұлтжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеу, ел тарихын білуге үндеу.

Еске алу шарасына интернационалист-жауынгерлеріміз Аманай Шахтаев, Ғазиз Бүркітбаев сынды ардагерлеріміз қатысты. Шара Ауған жерінде қаза болған, із-түзсіз кеткен өрімдей жас жігіттерді  бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 6 «Г» кадет сыныбының оқушылары қатысқан шарада Ауған ардагерлерінің естелік әңгімелері айтылды. Он жылға созылған соғыстың зардабы мен қасіреті әңгіме өзегіне айналды. Ауған соғысы жайында әзірленген бейнефильм де оқушылардың көңілінен шығып, олар кәдімгі соғыстың бет-бейнесін көз алдарына елестетті. Кітапхана қызметкері А.Бектастың ұйымдастыруымен өткен еске алу сағатында оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, жыр шумақтарын арнады. Ерлігі үлгі ардагерлерге өз жүрекжарды тілек-лебіздерін жеткізіп, патриоттық әндерін де шырқап берді.