Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Аталмыс ісшараға қаламыздың №3 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы: Толкимбекова Б. Келген балаларға Көрісу күні жайында мағұлмат беріп, шығу тарихына тоқталып өтті. Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы спеттес екенін айтып өтті. Бұл жоралық ежелден келе жатқан дәстүрдің ерекшелігі адамдар бір – біріне ақ тілегін айтып, арадағы ренжістерін жойып, табысуында екенің атап, сондай – ақ, Көрісу күні имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке екенін айтты.Сонымен қоса балаларға ұлттық дәстүріміздегі әдеп- ғұрыпқа байланысты сұрақ- жауап ойыны ойнатылды. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Шара соңында кітапханашы балаларға «Ұлы мереке Наурыз» тақырыбында кітап көрмемен таныстырып өтті.