Мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін іздемпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани- тәлім тәрбиелеу,кітап оқуға баулу.Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, отбасының қатынаста және ата-аналармен балалардың бос уақыттын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру.
Іс-шараға өнегелі ата-аналар балалары мен қатысты. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 4 «ә» сыныбының оқушылары шақырылды. Оқу залының кітапханашысы А.Бейсова отбасы жайлы мәлімет беріп өтті.Іс шарамыздың шымылдығын кітапхана оқырмандары Мерей мен Айзере «Қамажай» биімен ашты. Олар отбасы берекесін сақтап қалудың қыр-сырымен ,өздерінің бала тәрбиесіндегі тәжірбиелерімен бөлісті. Отбасылық жетістіктерін де атап өткен жас отбасылар,ән-биден шашу шашты. Кездесу соңында қатысушыларға кітапхана атынан сыйлықтар табысталып,алғыс білдірілді.