Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
Абонемент бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен 15 мамыр – Отбасы күніне орай «Рахмет саған ана, рахмет саған әке» атты іс-шара өтілді. Шараға қаламыздың №3 жалпы білім беретін мектептің 5 «А» оқушылары қатысты. Кітапханашы Б. Айымбетова оқушыларға отбасы күні жайында мәлімет беріп, отбасы құндылықтарына тоқталды. Сондай – ақ. «Бақытты отбасы» және «Отбасының үлгісі» атты бейне баян көрсетіп, отбасы жайында жұмбақтарды жасырып, мақал – мәтелдердің жалғасын табу ойының ойнатты. Сонымен қоса ананың балаға деген мейірімінің ерекше екенін айтып, ата-анамен бауырларына құрметпен қарап, жылы сөзді жиі айтуды сұрады. Шара соңында оқушылар Л.Равшанова, А.Қоңырат, А.КәкімбекқызыС. Ғазизхан, Д.Қазиев әке, ана, бала 3 топқа бөлініп, отбасына деген мейірімдерін өздері дайындаған өлең шумақтарымен жеткізді