Мақсаты: Оқушыны кітап оқуға баулу. Оқыған кітабының мазмұнын тыңдарман сол кітапты алып оқығысы келетіндей қылып қызықтыра айтып беру. Шығармадан рухани нәр ала отырып , көпшіліктің алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
Іс-шараға «Барыс» және «Қыран» топтарындағы әр түрлі жастағы балалармен өткізілді. Кітапханашы балаларға «Қызыл қоңыз», «Бауырсақ» ертегілерін оқып беріп, мазмұны мен таныстырды. Екі топтың балалары жарыса ертегілерден түсінгендерін айтып,өздерінің сүйікті ертегілерін достарына айтып берді. Өзара екі топтың балалары ертегілерді талқыға салды.Балалар ерекше көңіл -күйде болды.