14.08.2024ж. Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары және қонақтарына арнап, орталық «Табиғат аясында бізбен бірге оқыныздар» атты библиосемейка болып өтті.
Мақсаты: Балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ойлау қабілетін, зейінін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхананың жазғы оқу бағдарламасы жоспарына сай, қалалық саябақта №2 балалар кітапханасы «Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында қызықты шара өткізді. Таза ауада кітап оқу пайдалы әрі қызықты. Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі викториналық ойындар ұсынылды. «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ» ойынында өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.