Мақсаты: жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру; «Таза Қазақстан» акциясы туралы насихат айту; қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу; туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; экология тақырыбына арналған кітаптармен таныстыру.
Экологиялық акцияға қаламыздағы Қ.Сәтбаев атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Экологиялық акциямызға Сәтбаев қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Сыздықбаева да қатысып, жастардың экологиялық белсенділігіне бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасы туралы әңгімелеп берді. Кітапхана қызметкері Наурыз мейрамын мерекелеудің онкүндігі аясында ұйымдастырылған Жаңару күні туралы ақпарат берді. Кездесуде жастар экология мәселесін кітапхана қорындағы кітаптардан іздеп, «Табиғат әлемін кітаппен ашамыз» атты кітап көрмесімен танысты. Кітап беттеріндегі Қазақстанның бай табиғатымен таныса отыра, оны сақтап қалудың жолдары жөнінде ұсыныстарын айтты.