Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.  

Бұл іс - шараға Б. Момышұлы атындағы №1 мектеп - гимназиясының 7 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі                      С. Балғабайқызы шақырылды. 7 сынып оқушылар арасында «Ағырлар» мен «Тапқырлар» топтарына бөлініп  сайысқа түсті. Әр топта үш оқушыдан болды. Сайыс мына  кезеңдер бойынша өтті.

1 кезең «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап»    

2 кезең «Сұрақ-жауап»  

3 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»    

4 кезең «Пәндерден сұрақтар».

Әр кезең бойынша әр топқа өз денгейлері бойынша тапсырмалар берілді. Оқушылар белсенді түрде қатысып білімділік, тапқырлық таныта білді. Сайыс нәтижесі бойынша әділқазылар орындар беріп қорытындылады: 1 орынды «Алғылар» тобының 7 сынып оқушылары, Э. Қайрат, Н. Сәндібек, А. Бауыржан  жеңіп алса, 2 орынды «Тапқырлар» тобындағы К. Әбдірашит, М.Өмірзақ, А.Қасым иеленді. Бірінші орын алған «Алғырлар» тобына марапаттау қағазы мен сыйлықтар берілсе, ал 2 орындағы «Тапқырлар» тобына  «Алғыс хат» тапсырылды.