Мақсаты: Оқырмандардың  әдеби  кітапқа құштарлығын  арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін іздемпаз  ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу , кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне  себеп болу, отбасының  қатынаста және  ата-аналармен балалардың бос уақыттын бірге өткізу, олардың  ақпараттық ағартушылығын  ұйымдастыру.

Айтулы іс-шараға өнегелі  ата- аналар   С.Рашат  қыз мен А.Мақсат қызы, А.Дукенбаева қызы  А. Берікқызы және А.Бекайдар  ұлы  Мұзафар мен қатысты.   Сондай -ақ ,Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 4 «Ә» сыныбының оқушылары шақырылды. Оқу залының кітапханашысы А. Бейсова отбас жайлы мәлімет беріп өтті. Іс шарамыздың шымылдығын   Мерей мен Айзере  «Қамажай » биімен аштты.Кейін  отбасылар өздерінің өнерлерін  ортаға салып, әр кезеңде ерекше қабілеттерін  көрсетті . Іс шара 3 кезеңнен тұрды.1. кезең «Таныстыру» 2. Кезең «Біз өнерлі  отбасы» 3. Кезең «Тәлім-тәрбие және шеберлік».С.Рашат мен А.Мақсатқызы  қазақтың ұлттық домбырасымен   күй шертсе  , А. Дукенбаева мен А. Берік қызы әсем әндерін орындады. А.Бекайдар ұлы Мұзафар мен өз жүрегінен шыққан жыр шумақтарын  оқып көпшілікті тәнтті етті. Кездесу соңында  қатысушыларға кітапхана  атынан  сыйлықтар табысталып, алғыс білдірілді.