Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету: ой өрістерін, сана сезімдерінің тілдерін, шығармашылықтарын дамыту, жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру, денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Іс-шара Абай атындағы №4 мектеп –лицейінде 6 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кітапханашы: Б. Аимбетова оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру керегін, ол дегеніміз зиянды әдеттерден аулақ болып, сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулықты сақтап, нығайту, спорт пен шұғылданып, әлеуметтік тұрмысты жақсартып, күйзелісті болдырмай, бос уақытты тиімді пайдаланып, үлкенге ізет көрсетіп, кішіге көмек қылып, таза жүріп, тек жақсыны үйренуді айтып өтті. Одан кейін кітапханашы оқушыларға денсаулық туралы қойған сұрақтарына белсене жауап берді.