Мақсаты: Әр кітап- Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері екендігін, терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу қажеттігін ұғындырып, балалар мен жастардың мəдени жəне оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармалар оқуды насихаттау, жас ұрпақ бойындағы азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Бүгінгі өтіп жатқан шарамызға Б. Момышұлы атындағы №1мектептің 8 «А» сынып оқушылары Сәтбаев қаласының құрметті азаматы жергілікті ақынымыз «Аймақ ақшамы» газетінің редактары және Жезқазған – Ұлытау аймағына танымыл журналисі Дастанов Абдолла Байділдәұлымен кездесу өткізілді. Кездесу Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша 2024 жылдың 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «23 сәуір – Ұлттық кітап күніне» арналды. Мерекенің бірінші күні «Мәртебелі кітап» тақырыбында кездесумен басталды. Кітапханашы оқырмандарға Ұттық кітап күнің шығу тарихына тоқталды. Сонымен қоса Абдолла Байділдәұлының жазған еңбектерімен шығармашылығына тоқталып, таныстырып өтті.
Шара барысында А.Байділдәұлы балаларға сөз сөйлеп, өзінің шығармашылығыннан сыр шертіп, сондай-ақ әдеби шығармалар арқылы ұлттық әдебиетке қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.