Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу

Аталған шараға қаламыздың №3 жалпы білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі О. Хайса қатысты. Кітапханашы Б.Толкимбекова  келген оқырмандарға «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп оның адам өміріне қауыпты екеніне тоқталып, оқушыларға тәртіпті және адал болуларына, пара беріп, пара алудан аулақ болуларын айтып өтті. Шара барасында «Жемқорлыққа – жол жоқ», так же «Жемқорлық –қоғам дерті, дерттін емі онымен күрес» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білгендерімен бөлісті. Сонында кітапханашы «Жемқорлық індет, жою міндет!» атты кітап көрмемен таныстырды.