Мақсаты:  «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Аталған іс-шараға жалпы білім беретін №7-ші мектептің 8 «Ә» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Қ. Шакенова келді. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы Б. Аимбетова Сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айта кетті. Одан кейін  осы тақырыпта бейне-роликтер көрсетілді: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбалас жемқорлыққа біз қарсымыз!», «Сыбайлас жемқорлық қауіпті қадам». Осы көріністерді оқушылар көре отыра, ұққандарын дөңгелек үстел басында талқылады, сыбайлас жемқорлықтың жақсы-жаман жақтарын ортаға салып, болашақта өз елінің патриоты болуға өз үлестерін қосатынын мақтанышпен айтып өтті. Осы шараға арналып «Жемқорлықсыз болашақ» кітап көрмесі жасақталып көрмеге брошюралар мен газет журналдардан мақалалар қойылды атап айтсақ:  Қазақстан Республикасының Заңы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы күрес туралы.- Алматы: Юрист, 2013.-16б. Қазақсан Республикасының Заңы Конституциясы.-Алматы: «Издательство» Норма-К , -2002.-44б.

Қазақстан Республикасының Заңы. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы.-Алматы: ТОО «Издательство» :.-2006.-32б. 

Қазақстан Республикасының Заңы Еңбек кодексі.- Алматы. ЖСШ «Издательство» Норма-К; 2008.-120б.  «Қолғамдағы жемқорлық дертінен емдеудің игі жолы» Егемен Қазақстан 2019.-17 мамыр,  К. Жұбатқанов «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады?» Қазақ тарихы №5-6 .-2022ж.-21б.

Соңында  кітапханашы «Жемқорлықсыз болашақ» кітап көрмесімен таныстырып өтті.                                                                                                        

Нәтиже: Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту екені түсіндрілді. Келешек ұрпақтың болашағы жарқын боларына сенімдімін. Тәрбиелі ұрпақ-болашақтың кілті.                                                                                    

    Қатысқан: 21 оқушы