Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге арналған газетті оқырмандарға таныстыру,оқушылардың тілін, білімін, сөздік қорын арттыру, газет-журнал оқуға деген дағдыларын қалыптастырып, патриоттық сезімге баулу.

Айтулы іс-шараға №7 мектебінің 8 «А» сынып оқушылары қатысты.Библиограф Ә.Шегебаева балаларға «Ұлан» ғазетінің шығу тарихымен таныстырды. Газет беттеріне шыққан «Білім елінде», «Жырақтан білім іздесең»  атты айдарда  әр салада жетістікке жеткен жасөспірімдер мен жастардың ісін үлгі ететін мақалалар мен сұхбаттар таныстырылды. Сондай-ақ газет беттеріндегі «Сенің замандасың», «Күншуақ» айдарында балалардың жүрегіне мейірім шуағын шашып, жақсылық жасауға шақыратын мақалалар таныстырылды. «Сенің замандасың», «Біз де бала болғанбыз» айдарларынан көп мағұлмат алуға болатынын айтып өтті. Бұл газет балалар тарапынан  үлкен қызығушылық  танытып, өздеріне қажетті пайдалы ақпараттар алды.