Мақсаты: Райымбек батыр туралы қысқаша мәлімет беру қазақ-жоңғар соғысы болған жерлер және қазақ қолбасшылары туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың тілін дамыту тарихи таным қабілетін арттыру. Райымбек батырдың және өзге сарбаздар өнегесін алға тарта отырып, оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Аталған іс-шара Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 6 «д» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Абонемент бөлімінің кітапханашысы   Б. Аимбетова, батыр,  қолбасшы Түкеұлы Райымбек батырдың өмірі мен батыр туралы айта келе, М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек»  поэмасы жайында, және басқа да тарихи-деректерді, батырдың тапқырлығы, алғырлығы және әулиелігі туралы аңыздарды балаларға ұғымына сай жеткізді. Райымбек Түкеұлының батырлық қасиеттері мен Отансүйгіштік сезімі мен ерлік істерімен байланыстыра, кітапханашы сұрақтар қойып, оқушыларды қызықтырды.