Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Бұл шараға ЖББМ №16 мектебінің 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі   қатысты. «Ұлттық кітап күні» мерекесіне арнайы шақырылған жергілікті ақын Г.Өтемісқызы өз шығармашылығымен бөлісіп, оқушыларымен  ой бөлісті.Ол кітап оқудың маңыздылығы, рухани байлықтың қайнар көзі туралы өз пікіріп білдіріп, оқушыларды әдебиет  әлеміне ынталандырды.Сонымен қатар, ақын өз туындыларын оқып беріп, әр өлеңнің мазмұнын түсіндіріп өтті.Шара соңында  оқушылар ақынға  өз сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін білдірді.