Мақсаты: оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту, классик жазушылардың, балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау.  

Бүгінгі ісшарамызға қаламыздың №1 Б.Момышұлы  атындағы  мектептің 10 сынып оқушылыры қатысы. Кітапханашы балаларға  кітап оқитын жастардың, қазіргі тағылымы қандай?  тақырыбындығы  бейне - баян көрсетумен бастады. Сонымен қоса жасөспірімдерге кітапты әуелі өздерінің болашағы үшін оқуы керек екенің, айналадағы дүниені тануға мына өмірді түсінуге керектігін айтып өтті. Жасөспірімдерге кітап тандағанда бастапқы бетіндегі анатациясын оқи отырып тандау керек екенін айтты. Кітап оқуды ең бірінші   жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» сияқты кітаптарымен Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесі секілді шығармалардан  бастауға, тілге жеңіл қарапайым сөзбен оқуға оңай екенін айтып, кеңес берді. Шара соңында оқырмандар өздеріне ұнаған, оқыған қызықты шығармаларымен бөлісіп, ортаға салды. Сондай – ақ  кітапханашы «Бәрін таста кітап оқуды баста» тақырыбындағы кітап көрмемен таныстырды.