Мақсаты: Балалық шақ мәселелеріне назар аудару, үлкен қамқорлық пен көңілді қажет ететін жандарға баса назар аудару. Мұндай балаларға бар күшімізді салып оңалту, қоғамға бейімделу көмегін көрсету
Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Қайрымдылық күніне» орай кітапханасмыздың ұжымы да бір кісідей ат салысты.Кітапханада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен 1 топ мүгедектігі бар Айгерім Рахимжанованы кітапхана ұжымы атынан Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекелік лебізін жеткізген кітапхана басшысы С.Қарабаекова кітапхана атынан азық – түлік себетін де табыстады.