Мақсаты: Қазақ спорты туралы ақпарат беріп, ұлттық спорт түрлерін насихаттау; ұмытылған ұлттық спорттық ойындарды жаңғырту.

№7 мектептің даярлық сыныптары арасында өткен танымдық сағатта ұлттық ойындар туралы жан-жақты ақпараттар берілді. Сондай-ақ танымдық сағат барысында оқушылар ұлттық ойындар ойнады. Атап өтсек, асық ату, қол күресу, соқыртеке, шертіп асық ату, ат жарыстыру сынды ұлттық ойындардан өзара сынға түсті. Оқушылар кезек-кезек ойын алаңына шығып, өз күштері мен ептіліктерін сынады.